Жем станциясында газ тасымалының көлемі артты

Станция тынысы
08.07.2022, 16:53
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстанның барлық өңіріне газ жеткізіп отырған Жем станциясында жұмыс қауырт жүріп жатыр. Жаз айларында жүк тасымалы арта түскен. Әсіресе станциядан Жаңажол газын әлем елдеріне экспорттау жұмысының көлемі де, ауқымы да өскен.

Пойыздарды қабылдап-жөнелтуден бөлек станция аумағындағы ірі өндіріс орындарында тиелген жүктерді жеткізу жұмыстары да жолға қойылған. Ел экономикасын арттыруға сүбелі үлес қосып отырған шағын станцияда ауыз толтырып айтар ауқымды жұмыстар бар. Жем станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Әділов жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

– Аумақтағы ең ірі жүк тиеушілердің бірі – «СНПС Ақтөбе мұнай газ» компаниясы. Станциядан 85 шақырым жердегі Жаңажол кен орнынан газ тиеу жұмыстары жүргізіліп, Жем арқылы Қазақстанның барлық территориясына және экспортқа жөнелтіледі. «Ақтөбемұнайгаз» компаниясына тиесілі Жаңажол мұнай-газ конденсат кен орнының газын өңдейтін зауытта жылына 5 миллион тонна мұнай, 2,2 миллиард м³ газ дайындайтын технологиялық желі бар. Зауыт басынан күніне кем дегенде 30-40 вагон газ тиеу жұмыстары жүргізіледі. Нұрғали Әділовтың айтуынша, бұл ең төменгі мөлшер. Күніне жүз вагонға дейін газ жөнелтілетін кез болады.

«Газ тиеу жұмыстары әр күнде әрқалай. Мәселен, бүгін 67 вагон жөнелттік. Газ осы жерден Қазақстанның барлық облысына жөнелтіледі. Сонымен қатар экспортқа да тиеліп жатыр. Біздің станциядан тікелей Ауғанстанға, Хайратон және Галаба станцияларына жеткізіледі. Өткен айдан бастап Беларусь арқылы Польшаға газ жөнелту жұмыстары ұйымдастырылуда», – дейді станция басшысының орынбасары.  

Айтпақшы, Жаңажол кен орнынан алынатын күкірт тиеу жұмыстары да осы жерден ұйымдастырылады. Сонымен қатар, станциядан 18 шақырым жерде кен өндіру зауыты бар. Күніге 84 вагонға кен тиеу жұмыстары жүргізіліп, Кемпірсай станциясына жіберіледі. 

Станция басындағы тағы бір ірі жүк жөнелтуші «AltynEx Company» АҚ. Құрамында алтыны бар тас өндіретін кәсіпорын өнімі Қостанай облысының Баталы станциясындағы зауытқа жеткізіледі. 

Бір ғасырлық тарихы бар Жем станциясы 1905 жылдан жұмыс істеп тұр. Станция кезекшілері- нен бөлек белгі беруші, вагон құрастырушы, тауар кассирлері т.т. барлығы 70 шақты адам еңбек етеді. «Станцияда 5 кезекшіміз, ауы- сыммен жұмыс істейміз. Тақ және жұп екі парк бар. Тақ паркінде 7 жол, жұп паркінде 13 жол. Станцияда жүк тиеуден бөлек кестеге сай жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап-жөнелтеміз. Қазір тәулігіне тақ жолдан 20 пойыз, жұп жолдан 20 пойыз өтеді », – дейді станция кезекшісі Раушанбек Наванов. Теміржолшылар әулетінен шыққан Раушанбек алты жылдан бері Жем станциясында еңбек етеді. Пойыздарды қабылдап-жөнелтуден бөлек станция басында бригада, тепловоздарды ауыстыру жұмыстары да жүргізіледі. Қазір күнге 120-дан аса вагон тиеп-жөнелту жұмыстарын ұйымдастырып отырған станцияда пойыздар саны алдағы уақытта артып, 50-60 пойыз өтеді деген болжам бар.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды