50 жылдан астам тарихы бар депо бүгінде жаңа өндірісті игеріп отыр

Станция тынысы
11.10.2022, 10:02
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысының әкімі өңірдің бюджетіне қомақты үлес қосып отырған теміржол кәсіпорындарының жұмысымен жан-жақты танысты.

Облыс басшысы алдымен ат басын бұрған мекеме Шалқар станциясындағы локомотив жөндеу кәсіпорны болды. “Қамқор локомотив” ЖШС қарасты сервистік орталықта бүгінгі таңда жылына 350-ден аса тепловоз сауықтырылады. 50 жылдан астам тарихы бар кешегі депоның даңқы кезінде шартарапқа тараған. 1960 жылдары ары-бері қазақ жерінен өткен паровоздар мен тепловоздар осында аялдап, жеңіл-желпі жөндеу, техникалық қызмет түрлерінен өтеді екен. Кезінде мыңнан астам адам еңбек еткен ірі депо болған. Локомотив деполары нарықтық қатынастарға сай пайдалану және жөндеу секторына бөлінген соң тек темір тұлпарларға сервистік қызмет көрсетумен айналысатын мекеме бүгінде толықтай қайта құрылған, жаңа өндірісті игеріп, жұмысын дөңгелетіп жүргізіп, соған лайық табыс тауып отыр.  

Теміржолшылар өңір басшысына өндіріс орнын таныстырып, цехтар мүмкіндігін көрсетіп, жанжақты ақпар берді. Тепловоздағы ақаудың аппарат арқылы қалай анықталатыны, депоға әкеліп қалай тексерістен өткізілетіні, әр тепловоздың қолдану уақытына байланысты жүрісі қалай бақыланып отыратынына дейін түсіндірді.  

– Біздің сервистік орталықтың мүмкіндігі мол. Соңғы жылдары өндірістің заманауи аппараттармен жабдықталу деңгейі артып, тепловоздың астын толық ашып, тексеру мүмкіндігі жоғарылады. Қазан айында Ресейден 25-МК локомотиві келу керек. Оның сервисін меңгеру үшін онлайн оқып жатырмыз, яғни локомотив жөндейтін слесарьлар жаңа аппаратпен онлайн түрде танысып, пайдалану ерекшелігін меңгеруде, – деді сервистік орталық басшысы Қайрат Махамбетов.  

Бүгінде кәсіпорында 387 адам еңбек етеді. Оның 250-і – слесарьлар. Орташа айлық 185 мың теңгені құрайды. Жылдар бойы осы кәсіпті меңгерген тәжірибелі мамандар тепловозды шашып, қайта жинап, жөндеу және құрастыру жұмыстарын толық игерген. Қолымыздан келмейді деп теміржол машиналарын қайтару немесе зауытқа жіберу жағдайы сирек. Еңбек өнімділігі де жоғары. Айына 35-40 тепловозды жөндеуден өткізуге мүмкіндіктері жетеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды