Қалаулы кәсіп кісіні жалықтырмайды – тәжірибелі пойыз құрастырушы

Станция тынысы
14.10.2022, 09:53
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жылжымалы құрамды жинап, жолға салатын пойыз құрастырушылар – саладағы ең қиын да қауіпті кәсіп иелері. Ақтөбе станциясының пойыз құрастырушысы Алдияр Тлеубергенов осы жұмысты отыз бес жыл атқарып келеді.

«Ең бірінші талап – темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы. Әрине, пойыз құрастырушының жұмысы жеңіл емес. Қыста 40 градус аязда вагонға жармасып жүру оңай ма? Бірақ, өндірісті салада жұмыстың бәрі қиын, бәрі де қауіпті», – дейді кейіпкеріміз. Теміржолшылар отбасында туып-өскен азамат мамандық таңдауда қателеспегеніне бек сенімді.  

Кейіпкеріміздің пайымынша, маневр жасау, пойыз құрастыру, вагондарды ажырату, қосу сынды күнделікті атқарылатын жұмыстардың сауатты жүргізілуі – жылжымалы құрамның сапқа тұруына, қозғалысқа түсуіне, ең бастысы қауіпсіздікке кепіл болады.

Тәжірибелі пойыз құрастырушының қырағылығы арқасында өткен жылы №33 жолаушылар пойызы тоқтатылып, дер кезінде қауіптің алды алынды. Сол күні ауа райы қолайсыз болып, жел күшейіп, станциядағы басты жолдың біріне аяқ асты тал құлады. Сол маңда жұмыс істеп жатқан Алдияр Тлеубергенов шұғыл түрде станция кезекшісіне хабарлап, ол өз кезегінде станцияға жақындап қалған жолаушы пойызының машинисін құлағдар етіп, тоқтатып үлгерді. Станция басшылығы қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қосқан үлесі үшін пойыз құрастырушыға алғыс айтты.  

Тәжірибелі теміржолшы станцияға жаңадан келген жастардың тәлімгер ұстазы ретінде де танымал. Алпысты алқымдап қалған маман кәсібінің қыр-сырын үйренгісі келетін жастарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Қазір жас мамандардың көптеп келіп жатқанын айтады. «Қалаулы кәсіп кісіні жалықтырмайды. Осы кәсіпті қалап келген жастарға біздің жұмыста ең алдымен есте ұстарың – сақтық, қырағылық, жауапкершілік. Осы үшеуін қатар ұстағанда сен нағыз теміржолшы боласың деймін» дейді тәжірибелі пойыз құрастырушы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды