Ескірген құрылғылар жаңартылып жатыр

Трансформация
11.04.2025, 09:18
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылы Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты белгі беру және байланыс дистанциясында біраз жаңарту-жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Ескіріп тозығы жеткен құрылғылар жаңартылып, заманауи үлгілерімен ауыстырылған.

Кеңірек тоқталсақ, №16 бекет бойынша бұрынғы ескірген ҚПБ-ЭО, СП-ЭО, ҚП-50- ЭО қоректену панельдері алынып, орнына АВБҚ, ҚҚ, БҚ жаңа типті электрондық панельдер қойылған. Яғни баяғы КСРО кезінен қалған, қазірде не қосалқы бөлшегі таптырмайтын қоректену панельдері отандық өндірістен шыққан заманауи панельдерге ауыстырылған. №16 бекеттен басталған бұл жұмыс биыл жа жалғасып, жиырма шақты бекеттің қоректену панелі осындай жаңартуды күтіп тұр.  

Бұдан басқа былтыр дистанцияның 280, 252, 16-шақырымдардағы теміржол өткелдеріндегі белгі беру құрылғыларының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілген. Осы өткелдердегі белгі беру көрсеткішін күшейту мақсатында линзалар жиынтығы жарықдиодты модульдерге ауыстырылған. Белгі беру-байланыс саласындағы қызмет көрсетуді жақсарту бағытындағы жұмыстар өзге нысандарда да жалғасын тапқан. Бұл туралы ақпарат берген дистанцияның бас инженері Асқар Утесиновтың айтуынша, жаңарту процесі биыл да жалғасуда.  

– Осы жылғы қаңтарда Маната бекеті және №9,10 бекеттердегі радиобайланыс жұмыстарының сапасын арттыру бағытында АСТ-2 жаңа сандық немесе цифрлау радиоантенналарын орнаттық. Тозығы жеткен немесе бүгінде қолданыстан қалған ескі үлгідегі құрал-жабдықтар осылайша бірте-бірте заманауи түрлеріне орын босатуда. Былтыр Құрық портындағы паромға дейінгі сұрыптау станциясында мердігер мекемемен бірлесе отырып МПЦ құрылғыларын реттеп немесе жөндеп іске қосу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Ал жыл соңында Маңғыстау станциясындағы маневрлік дөңес пен механикаландырылған мұнарадағы АСДЦ микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру жүйесі енгізіліп, тұрақты қолданысқа берілген. Мұндай жұмыстар биыл да жүріп жатыр, – дейді дистанцияның бас инженері.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды