Машина жасау саласы қалай дамуда?

Трансформация
05.05.2026, 08:35
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан – теміржол желісінің ұзындығы 21 мың км асатын ірі инфрақұрылымға ие елдердің бірі. Жыл сайын бұл желі арқылы миллиондаған тонна жүк тасымалданып, 20 миллионға жуық жолаушы жол жүреді. Соңғы жылдары вагон паркін жаңарту мәселесі саладағы ең өзекті түйткілдердің біріне айналып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бизнес өкілдері осы бағытта белсенділік танытуда. Мәселен, Петропавл қаласындағы RWS Wagon зауыты бүгінде тележкалардан бастап жүк және жолаушылар вагондарына дейінгі 12 түрлі жылжымалы құрам шығарады. Өткен жылы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үш негізгі бағытты атады, бірінші – қолдану мерзімі ұзартылған вагондарды пайдалануды шектеу, екінші – вагондар мен жартылай вагондарды сатып алуға жеткілікті қаржы бөлу, үшінші – ұзақ мерзімге көзделген офтейк-келісімшарттарды пысықтау.  

«Вагон паркін жаңарту отандық машина жасау саласының дамуымен тығыз байланысты болуы қажет. Бұл өндіріс қуатын арттырып, вагон паркін кезең-кезеңімен жаңартуға жол ашады», – деді министр.  

Петропавл зауыты рельстік автобустарды, жолаушылар вагондарын – купелі, плацкартты және қызметтік түрлерін, сондай-ақ ЭП3Д электр пойыздарын шығарады. Олардың қатарында елорда мен Бурабай курорты арасында қатынайтын туристік Burabay Express те бар. Биылғы наурыз айында отандық вагон паркі «45» үлгісіндегі жаңа жолаушылар вагондарымен толықты. Кәсіпорын өкілдері бұл вагондардың алдыңғы сериямен салыстырғанда айтарлықтай жетілдірілгенін атап өтті. Атап айтқанда, жаңа вагондарда қозғалыстың жайлылығын пневматикалық аспа жүйесі қамтамасыз етеді. Ал герметикалық өтпе жолдар құрам бойымен қауіпсіз жүруге және бірыңғай микроклимат сақтауға мүмкіндік береді.  

«Біздің вагондардағы жаңашылдық тек технологияда ғана емес, дизайнда да көрініс тапқан. Жолаушы сапар кезінде де күнделікті дағдылы істерін, атап айтқанда жақындарымен байланысу, жұмыс істеу, оқу мүмкіндігін сақтауы керек. Сол себепті вагондар Wi-Fi, жеке розеткалар және климатты реттеу жүйелерімен жабдықталған», – дейді Railways Systems KZ холдингінің басқарма төрағасы Сергей Павлингер.

«Жолаушы тасымалы» АҚ жаңа вагондарды ішкі және халықаралық бағыттарға пайдалану үшін енгізе бастады. Олардың қатарында Ақтөбе – Маңғыстау, ішінара Маңғыстау – Семей бағыттары, сондай-ақ Астана – Талдықорған жаңа маршруты бар. Сонымен бірге осыған дейін 1993 жылы шығарылған вагондар пайдаланылып келген Астана – Семей бағыты да жаңартылды. Қазір «45» сериялы вагондар Қарағанды – Мәскеу және Астана – Омбы бағыттарындағы халықаралық рейстер бойынша қатынап жүр. Жалпы, 2022 жылдан бері ұлттық тасымалдаушы RWS Wagon зауытында өндірілген 436 жолаушылар вагонын сатып алды. Алдағы жылы тағы 131 вагон алу жоспарланып отыр.  

2025 жылғы деректерге сәйкес, Қазақстанда 141 мыңнан астам жүк вагоны пайдаланылып отыр. Оның шамамен жартысы – ашық вагондар. Көлік-логистика саласын дамыту үшін әмбебап ашық вагондар, платформалық вагондар және ірі тоннажды контейнерлерге арналған платформалар аса қажет. RWS Wagon компаниясы жүк вагондарының жаңа түрлерін игеруді қолға алған. Атап айтқанда ҚТЖ қажеттілігіне арналған автотасымалдағыш және жабық вагондар шығарыла бастады. Өткен жылы мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған вагон-цистерна сертификат алды. Мұның бәрі сайып келгенде отандық машина жасау саласының айтарлықтай қарқынмен дамып отырғанын көрсетеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды