Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты

Трансформация
28.08.2026, 09:48
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада Wabtec Corporation халықаралық тобына кіретін Локомотив құрастыру зауытынан 700-ші локомотив шығарылды. Оның ішінде 655 локомотив «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ паркінде пайдаланылуда, қалғаны экспортқа жөнелтілген. Айтулы оқиға зауытта салтанатпен атап өтіліп, көпшілік отандық өндіріс әлеуетіне куә болды.

Жиынға қатысқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шакенов зауыттың локомотив құрастыру ісін дамытуға және теміржол саласының өндірістік базасын нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің атынан зауыт басшылығына Алғыс хат табыс етті.  

Іргетасы қаланған 2009 жылдан бергі 17 жыл ішінде ЛҚЗ Қазақстандағы ірі локомотив өндіруші деңгейіне көтерілді. Кәсіпорында бүгінгі таңда 530-дан астам адам жұмыс істейді, өндірістік қуаты жылына 120 локомотивке дейін жетеді. Зауыт Evolution сериялы жүк локомотивтерін шығарады. Локомотивтер Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина, Моңғолия және Өзбекстанға экспортталды.  

Сонымен қатар ЛҚЗ арқылы өндірістік-сервистік кластер құрылған, онда 1 400-ден астам маман жұмыс істейді. Олар локомотивтерді, жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді өндіруді, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.  

Evolution жүк локомотивтерінде пойызды басқарудың жекелеген процестерін автоматтандыратын, отын шығынын азайтуға және пайдалану тиімділігін арттыруға ықпал ететін Trip Optimizer жүйесі енгізілуде. 2024 жылдан бастап жүйе локомотивтерге өнеркәсіптік ауқымда орнатылады.  

ЛҚЗ теміржол саласы үшін мамандар даярлауға да қатысады. 2011 жылдан бастап кәсіпорында 150-ден астам студент өндірістік тәжірибеден өтті. Зауыт бейінді колледждермен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады.  

ҚТЖ ЛҚЗ-мен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асырады. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының Сексеуіл қаласындағы Оқушылар сарайы мен Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде.  

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-да жеті жүзінші локомотивтің шығарылуы – жеке кәсіпорын қызметінің елеулі нәтижесі ғана емес, сонымен қатар Астананың өнеркәсіптік дамуы мен технологиялық әлеуетінің және елорданың экспорттық мүмкіндіктері нығайып келе жатқанының айқын көрсеткіші.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды