Түркияда пойызға деген сұраныс жоғары

Әлемде
12.01.2024, 14:39
Фото: aydngvn / Shutterstock
Қазақстан теміржолшысы

Түркиядағы теміржол көлігі соңғы жылдары дамыған инфрақұрылым мен жайлы жүрдек пойыздарының арқасында тартымды бола бастады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тәжірибелі саяхатшылар пойыз бен автобустарды біріктіруді үйренді, бұл оларға жалдау ақысын үнемдеуге, ыңғайлы купеде ұйықтауға және туристік орындарға тез жетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, пойыздарды дамытудың болашағы зор, өйткені бұл көлік түрі Түркияда белсенді түрде дамып келеді, 2023 жылы мұнда шамамен 10 мың шақырым темір жол салу қолға алынған болатын, олардың көпшілігі жоғары жылдамдықты.

Түркиядағы пойыздардың түрлері

Түркияның түкпір-түкпірінде 10-нан астам қалааралық пойыздар жүреді. Елдің картасында темір жол желілері шығыстан солтүстікке және батысқа қарай созылып жатыр.

Жерорта теңізі жағалауының оңтүстік-батыс бөлігіндегі Бодрумнан Силифкеге дейін және елдің солтүстік-шығыс Қара теңіз бөлігі Орзу, Трабзон және Ризе қалалары аймағындағы желілер туристер арасында есте қаларлық саяхат болып қала береді. Елдің ең оңтүстік теміржол желісі Мерсин және Антакия қалаларына жақын орналасқан.

Түркиядағы теміржол желісінің көп бөлігін немістер салған. Жергілікті тұрғындар оларға жолда жүру ақысымен,  сондықтан темір жолдар бұралаңқы деп әзілдейді. Бірақ мұның нақты себебі – жерлерінің ойлы-қырлы таулы болуына байланысты.

Комфорт вагон түрлері

Көптеген пойыздарда таңдау  бар. Мәселен, вагондағы  1 немесе 2 адамға арналған жатын купеде (Yatakli)  жуынатын орны, тоңазытқышы және душы бар. Пойызда түнеу өте қолайлы.

Kusetli — біздің плацкарттың баламасы десек болады, онда сіз күндіз 4 адамға арналған кабинада отыра аласыз, ал түнде жиналмалы диванда ұйықтайсыз.

Отырып баратын орындар – олар өз кезегінде эконом-класс (2+2 Pullman ретінде белгіленген) немесе бизнес-класс (2+1 Pullman) болуы мүмкін. Бағасындағы айырмашылық шамамен 1,5 есе.

Магистральдық және халықаралық пойыздардың вагондарында асхана бар, жүрдек пойыздарда әдетте вагон-бар ғана болады.

Магистральдық және аймақтық пойыздар

Магистральдық маршруттар қалаларды бір-бірімен байланыстырады. Сондай-ақ елдің көптеген қалаларында біздің электр пойыздарына ұқсас қаламаңына қатынайтын аймақтық пойыздар бар.

Көптеген бағыттардың өзіндік ерекше атаулары бар:

Измир көгілдір пойызы (İzmir Mavi Treni): Измир-Анкара, 13,5 сағат жүреді.

Торос Экспресс (Toros Ekspresi): Адана-Кония, 6,5 қатынау сағатты алады, ХХ ғасырдың басында салынған өте көркем тау жолы (фотодағы Варда ауылының жанындағы виадуктың суреті дәл осы теміржол желісінде түсірілген).

Көк пойыз (Konya Mavi Treni): Конья-Измир, 12,5 сағат жүреді.

Ван Экспресс (Van Express): Анкара-Татван, 25 сағат жүреді, туристерді Ван көліне апарады.

Эгей экспрессі (Ege Ekspresi): Эскишехир-Балыкесир/Басмане, 11,5 сағат жүреді;

Евфрат Экспресс (Firat Ekspresi): Адана-Элазиг, 10 сағат жүреді;

Ankara Express (Ankara Ekspresi): Анкара-Стамбул/Халкали, 8,5 сағат жүреді.

Ауқымды аймақтық теміржол желісі Измир, Балыкесир, Маниса, Мерсин, Эскишехир, Стамбул, Зонгулдак қалаларын қоршап жатыр.

Ыстамбұл маңындағы әйгілі Мармарай пойызы Еуропа мен Азияны Босфор бұғазымен, сонымен қатар орталықты алыс аймақтармен байланыстырады. Елдімекендердің теміржол желісінің станцияларына жақын орналасуы аудандағы тұрғын үй құнын айтарлықтай арттырған.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті