Финляндиядан Үндістанға контейнерлік пойыз
Оқуға 1 мин
«Ресей теміржолдары логистикасы» АҚ және финдік логистикалық операторы «Nurminen Logistics Services OY» Финляндиядан Үндістанға «Солтүстік-Оңтүстік» ӘТК арқылы алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтті.
32 футтық контейнерлері бар контейнерлік пойыз 21 маусымда Вуосаари станциясынан (Финляндия) жөнелді. Пойыз Ресей мен Әзірбайжан территориялары арқылы транзитпен өтеді. Вуоссари диспетчерлік станциясынан Астара бағытындағы станциясына дейін теміржол көлігімен жүрудің болжамды уақыты 8 күнді құрайды. Астара станциясынан контейнерлер Бандар-Аббас портына (Иран) жеткізіледі, содан кейін кемемен Нава-Шева (Мумбай) портына жеткізіледі. Финляндия - Үндістанның жалпы транзиттік уақыты 22 күннен аспайды деп күтілуде.
Бұл Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында қол қойылған келісім аясында ұйымдастырылған Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің батыс тармағы бойындағы алғашқы мультимодальдық жүк.