Еңбек қауіпсіздігі өзектілігін жоймақ емес

Интервью
02.06.2017, 09:11

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясына қарасты Өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология департаментінің директоры Тілеген Смағұловпен сұхбатымыз өндірістік жарақат алуға түрткі болар алғышарттар, еңбек қорғау және қауіпсіздік, т.б. мәселелер төңірегінде болмақ. –Тілеген Берікұлы, өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология мәселелеріне жауапты шаруашылықтың бірінші рет департамент болып құрылуы  қандай қажеттіліктен туындады?  – Қазір Ұлттық компанияда жүргізіліп жатқан Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шаралары шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің бірқатар функцияларын орталықтандыру жоспарланған. Соның бірі, қауіпсіздік бойынша функция. Бүгінде шаруашылықтық құрылымдық бөлімшелердің, атап айтқанда, жол және құрылыс, электрлендіру және энергетика, белгі беру-байланыс, қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары, вокзал шаруашылығы, материалдық базалардың еңбек қорғау, қауіпсіздік және экология бойынша қызметтерінің функциялары мен штат саны, сондай-ақ, Магистральдық желі дирекциясының еңбек және экология бөлімі осы Өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология департаментінің құзырына беріліп отыр. Департамент болып құрылу қажеттілігі жоғарыда айтып өткенімдей, құрылымдық бөлімшелер функцияларын орталықтандыру мақсатында туындады. Ал мақсаты, Компания филиалдары мен Магистральдық желі дирекциясында  еңбек қорғау, қауіпсіздік және экология саласы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бірыңғай саясатын жүзеге асыру болмақ. Міндеттеріне келсек, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша ұйымдастырушылық және техникалық шараларды жүргізу, Дирекция мен филиалдарда еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмыстарды үйлестіру, жұмысшылардың еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша нормативті-техникалық актілерінің талаптарын орындау барысын қадағалау, жұмыскерлердің еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз ету және еңбек қорғау мен қауіпсіздік менеджменті жүйесін жетілдіруге қатысу, тағысын тағы шараларды жүзеге асыру болмақ. –Өндірістік жарақат алу мәселесіне көшсек. Жағымсыз көрсеткіштер қатары азайып келе ме және өндірісте жарақат алу жайтын қандай факторлармен байланыстырар едіңіз? –Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Магистральдық желі дирекциясы филиалдарында уақытша еңбекке жарамдылығын жоғалтқан екі өндірістік жарақаттану оқиғасына жол берілген. Былтыр да осыған ұқсас екі факт тіркеліпті. Биылғы екі жағдай Қостанай мен Семей электрмен жабдықтау департаментінде тіркелсе, былтыр бірі Маңғыстау белгі беру-байланыс, ал екіншісі Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясында тіркелді. Егер биыл жапа шеккен адамдардың жасына келсек, ол 31 мен 40 жас аралығын құрап отыр. Көріп отырсыз, бұл адамдар отыздан асқан, ақыл-ойы толысқан азаматтар, олардың басты кемшілігі, өз мүмкіндіктерін асыра бағалап, қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын сақтамаған. Ал еңбек тәжірибелеріне келсек, бірінің еңбек өтілі бес жылға дейінгі уақытты құрайды, әлбетте, бұл жұмыскер алған біліміне сенімді болып, еңбек қорғау талаптарына салдыр-салақтық танытқан, ал екіншісі он жылдан астам уақыт жұмыс істеген тәжірибелі маман, сонысына қарамастан ол қауіптің барын естен шығарған. Көп оқиға жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмау және жапа шегушілердің өздерінің өрескел қателікке ұрыну салдарынан орын алуда. Негізінде олқылықтар құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің, яғни жұмыс жетекшісі деңгейінде жұмысты жоспарлауды ұйымдастыру барысында орын алып, ал жарақатқа түрлі ереже-талап бұзушылық себеп болады. Біз еңбек қорғауды  басқарудың қандай аспаптарын, мейлі ол тиімді немесе заманауи болсын, пайдалансақ та, жұмыс жетекшісі негізгі фигура болып қалады. Көбінесе, орта деңгейлі жетекшілердің, жіктеп айтсақ, жол шеберлері, аға электомеханиктер, цех, телім жетекшілері әрекеттерінен еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне зиян келмеуі байланысты болмақ. Міне, осыны ескеруіміз керек. Ал біз жоғарыда айтып өткен екі оқиға электрліжарақат түріне кіріп отыр. Сонымен қатар, биыл үш айда өндірістік факторлардың қатысы болмағандықтан есепке алынбаған екі бақытсыз оқиға болды. Олар жапа шегушінің кенеттен денсаулығының нашарлауымен байланысты және оны растайтын медициналық қорытынды бар. –Еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігі нормаларының сақталуы жұмыс орындарының жағдайымен байланысты емес пе? Еңбек жағдайын жақсарту бағытында қандай шаралар жүргізілуде? –Теміржолшылар қандай еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқанын анықтау үшін біз өндірістік нысандарға еңбек жағдайы бойынша аттестация жүргіземіз. Биыл біз 103 филиалдың 1273 жұмыс орнын аттестацияламақпыз. ЦП, ЦШ, ЦЭ, ЦЖСВП, ЦЖСМБ шаруашылықтары бойынша өндірістік нысандарға аттестация жұмыстарын «М. Тынышбаев атындағы ҚазККА» АҚ жүргізетін болады. 2017 жылдың үш айында 9672 жұмыс орны бар екені анықталып отыр. Өткен жылға қарағанда 103 жұмыс орны қосылып отыр. Бұл өсім жаңа телімдерде жаңа жұмыс орындарының ашылуымен байланысты болып отыр. Өткен жылы жүргізілген аттестация нәтижесіне сүйенсек, зиянды, ауыр және жүктемесі көп, яғни СанПиН рұқсат еткен нормаларға жауап бермейтін еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалпы саны 240 адамға көбейсе, у-шуы жоғары жағдайда жұмыс істейтін адам саны 456-ға, жоғары діріл жағдайында 324 адам, газды және шаңды жерде жұмыс істейтіндер саны 1 адамға, УФ-сәулесі көп бөлінетін аймақта 4 адамға, қолайсыз температура жағдайында жұмыс істейтіндер саны 23 адамға азайған. Электромагнитті сәуле бөлінетін жағдайда ЭЧ-нің электромонтерлері, электромеханиктері жұмыс істейді, жұмыс өндірісінің технологиясына сәйкес мұнда зиянды факторды төмендету мүмкін емес. Мұнымен қатар, электромагнитті сәуле бөліну аймағында Қарағанды НЖС-тің вокзал шаруашылығының жұмыскерлері де қалып отыр. Әрине, жүргізілген аттестация қорытындылары бойынша Дирекция филиалдарының жұмысшылары жеңілдіктермен қатар зиянды және ауыр еңбек жағдайына байланысты өтемақылар алатын болады.  Еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмыс орындары жағдайын жақсарту бағытында кешенді шаралар қабылданған. Өткен үш айда осы кешенді шараларды жүзеге асыру үшін 12594,2 мың теңге жұмсалып, жоспар 101 пайызға орындалды. Магистральдық желі дирекекциясы бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында еңбек қауіпсіздігі мен жағдайын жақсарту бойынша 72 шара межеленсе, нақтысында 78 шара орындалып, жоспар 108 пайызды құрады. «ҚТЖ»ҰК»АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Ұжымдық келісімшартқа сәйкес, жұмыс беруші жұмысшыларды белгіленген норма бойынша  жаздық арнайы киіммен 15 сәуірге дейін, ал қыстық киіммен 1 қазанға дейін қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде арнайы киіммен қамтамасыз етуге қатысты қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақмерзімді келісімшарт жасалып, киіммен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда айтып өткенімдей,  зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқан жұмысшыларды сүтпен қамтамасыз ету жағы да жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Мұның бәрі кәсіподақ комитеттерінің өкілдерімен бақылауға алынған.  Ал өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтаудың бір жолы, жұмысшылардың еңбек қорғау және қауіпсіздікті сақтау бойынша білім-біліктіліктерін жетілдіру. Осы мақсатта, ҚР Еңбек кодексінің 181 бабына сәйкес үстіміздегі жылдың үш айында, құзырлы органмен акрредитациядан өткен мамандандырылған білім ұйымында 430 теміржолшы оқытылып, білімі тексерілді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау қызметімен айналысатын 78 маман оқытылды. Қалған шаралар алдағы 3-ші және 4-ші тоқсандарға жоспарланып отыр. –Қоршаған ортаны қорғау жағдайы туралы не айтар едіңіз? Темір жол саласы көмір, жанар-жағар майды көп пайдаланатын салалар қатарынан ғой... –Атмосфераны ластайтын қалдықтардың рұқсат етілген саны 1669,8 тоннаны құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда аздап өскен. Оның себебі, Арқалық – Шұбаркөл, Шалқар – Бейнеу, Жезқазған – Сексеуіл жаңа телімдерінің берілуіне байланысты ластайтын заттар қалдықтарының болуымен байланысты. Бірақ, бұл ластайтын заттардан  бөлініп, атмосфераға таралатын қалдықтар қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік құзырлы органдар белгілеп, рұқсат етілген қалдықтар шеңберінен аспайды. Биылғы бірінші тоқсанда Дирекция қарамағында филиалдарда қоршаған ортаны қорғау бойынша құзырлы және қадағалаушы органдар тарапынан тексеру жүргізілген жоқ. Дирекция бойынша айыппұлдар мен нормативтен тыс төлемдер де жүргізілген жоқ. Бүгінде Магистральдық желі дирекциясы бойынша  2017 жылға арналған табиғатты қорғауға қатысты шаралар легі бекітіліп отыр. Олардың ішінде, ағын суды лабораториялық тексеруден өткізу, қатты тұрмыс қалдықтарын, өнеркәсіптік қалдықтарды шығарып көму,  жарамсыз автомобиль дөңгелектерін, аккумулятор батареяларын жою, тағысын тағы жұмыстар бар. –Әңгімеңізге рахмет!

Сұлугүл БАКЕСОВА

 

 
Новости
26.04.2024
Для столичных студентов организовали экскурсии на объекты КТЖ
Грузовые перевозки
26.04.2024
Казахстан, Россия и Китай создают новый транспортный хаб
Регионы
26.04.2024
Железнодорожники провели профилактические беседы со старшеклассниками в ЗКО
Новости
26.04.2024
Разъяснительную беседу с женами машинистов провели в Кокшетау
Новости
26.04.2024
КТЖ готовится отметить Всемирный день охраны труда
Регионы
26.04.2024
Выход скота на железнодорожные пути стал причиной 20 экстренных торможений в Павлодарской области
Регионы
26.04.2024
Весенний комиссионный осмотр стартовал в ВКО
Новости / Архив
26.04.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №36 от 26 апреля 2024 года
Новости
25.04.2024
Казахстан готов принять участие в строительстве трансафганских железных дорог
КТЖ в лицах
25.04.2024
Начальник лаборатории на станции Достык поделился секретом успеха
В мире
25.04.2024
Поезд с вагоном-спа запустили в России
Регионы
25.04.2024
Машинист-инструктор Алматинского локомотивного депо рассказал, как выучил казахский язык
Регионы
25.04.2024
Ряд мероприятий ко Дню охраны труда провели в ТОО «ВЖДО» в Костанайской области
Новости
25.04.2024
Локомотивосборочные заводы поставят более 140 электровозов и тепловозов в 2024 году
Новости
25.04.2024
Локомотивы КТЖ готовят к летним перевозкам
Регионы
25.04.2024
Материальную помощь направили локомотивщики из Кокшетау в Атбасар
Регионы
24.04.2024
Работу по повышению безопасности движения поездов ведут в Алматинской области
Регионы
24.04.2024
Коллективный договор обсудили в Балхашском вагонном депо
Пассажирские перевозки
24.04.2024
КТЖ рекомендует пассажирам планировать свои поездки заранее
Новости
24.04.2024
Вопросы цифровизации железнодорожной отрасли обсудили в Минтрансе