Жалтырдың жүгі – астық   

Новости
11.08.2017, 10:53
Жалтыр – елордасы Астанадан 120 км қашықтықта орналасқан 3-ші класты станция. Мұнда 13 кірме жол бар, соның бесеуі элеваторларға апарады. Демек, Жалтырдың басты жүгі – астық тасымалы. Бірнеше ірі астық қамбалары орналасқан станциядан ұн, бидай үздіксіз тиеледі. Станцияны күні кеше «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған білікті басшы Сәкен Жүнісов көп жылдан бері басқарып келеді.    –Біздің станцияда тиелетін ұн, астық Ауғанстанға, Өзбекстанға, Қытайға, Тәжікстанға, сосын әрине ел ішіне, оңтүстік аймақтарға жөнелтіледі. Шамамен айына 400-500 вагонға астық артамыз, ал науқан кезінде 700-800 вагонға жетіп жығылады. Ал бізге келетін жүктің басым бөлігі  көмір. Біз арқылы бюджеттік көмір Астрахань ауданында орналасқан мекемелерге таратылады. Үш кірме жолдың екеуі коммерциялық, ал біреуі бюджеттік мақсаттағы көмірді түсіруге негізделген. Сонымен қатар, жанар-жағар май сынды қауіпті жүктермен қатар минералды тыңайтқыштар келеді. Екі кірме жолда металл сынықтары тиеледі, біреуі Қазақстанға, соның ішінде Жаңаауылға, Теміртауға бағытталатын болса, екіншісінен Ресейге, Магнитогорскіге жөнелтіледі, – деп ақпар берді станция бастығы.  Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың алты айында барлығы 2550 вагонға жүк тиеліп жөнелтілген. Бірақ, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 50 вагонға кем екен. Оның себебін, станция басшысы бидай бағасының төмендеуімен байланыстырып отыр. «Қазір бидай бағасы төмендеп отыр. Сол себепті астық, ұн жөнелту тиімсіз. Жүк жөнелтушілер баға өсімін күтіп отыр. Баға қалпына келісімен жүк тиеу басталады» дейді. Қазір станцияда алтыншы элеватор салынып жатқан көрінеді. Ол күзде іске қосылады екен, демек жүк тиелімі көлемі де ұлғаймақ. Ал қазіргі сәтте, қарағандылық, батыс қазақстандық, өскемендік, шымкенттік кәсіпкерлердің және «Бетеге-У» жергілікті кәсіпкердікін қосқанда бес элеватор жұмыс істеп тұр екен.  Қарағандылықтар мен «Бетеге-У» кәсіпорынының ғана егін салатын жерлері бар. Ал қалғандары бидайды кеңшар, шаруа қожалықтары, агроөнеркәсіп шаруашылықтарынан сатып алып, өз элеваторларына жинап, кейін жер-жерге таратады. Мәселен,  шымкенттіктер бидайды бидайтасымалдаушы вагондарға тиеп, Шымқала мен Түлкібаста орналасқан диірмендерге жөнелтеді екен. Элеватор иелері астық пен ұнды Қазақстан аумағымен қатар шетелге де тікелей экспорттауға келісімге отырған. Сондықтан Жалтыр станциясы басынан тиелген бидай өнімдері батыс өңіріне, Ақтау арқылы Иранға, оңтүстік арқылы көрші елдерге де жөнелтіліп жатады. Сәкен Жүнісов астықтасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігіне қатысты әзірге проблема жоқ екенін айтады. Оның айтуынша, қазір вагондардың көбісі жекеменшіктікі. Тіпті, кейбір элеватордың жеке вагондары бар. Айталық, «Бетеге-У» ЖШС өзінің еншілес екі ұйымына Ресейден 200  вагон сатып алыпты. Ол өз астығын тасымалдауға осы вагондарды пайдалануда. Ал қалған жүк жөнелтушілер меншік иелерімен келісімшартқа отыру арқылы вагондарды пайдаланады. Меншік иелері өз кезегінде вагондарды станцияға жіберіп, содан кейін станция бастығы оны жоспарға кіргізеді екен. –Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап бізде АСУ ДКР іске қосылды. Бұл жүйе жүк жөнелтушілерге өте ыңғайлы. Тапсырысты онлайн арқылы береді. Олар вагондар станция басына келгенде ғана, оларды тұйыққа жүк тиеуге жөнелтуге келісім беруге ғана келеді. Бірақ, бұл жүйенің бір осал тұсы, түзету енгізу күрделірек. Мәселен, жүк тиеуші бүгінгіге тапсырыс берді делік, ал вагондар 2 күнге кешігіп келді, ондай жағдайда ол құжат ресімделмейді,  қайтадан түзету енгізу керек, қайтадан жүк құжатын толтыру керек. Аталған жүйе вагондарға қатаң бақылау жүргізіп отырады, – дейді станция бастығы. Басшы сөзіне қарағанда, жүк жөнелтушілерге ыңғайсыздық тудырып отырған бір жағдай бар. Ол кедендік қызметтің Жалтырдан жүз шақырым қашықтықта орналасқан Атбасар қаласында және Ақкөл ауданында, ал бидайды талдаудан өткізіп, сараптама жасайтын фитоқызметтің Астраханка ауданында орналасуы. –Бұл мәселеге қатысты Ақмола бөлімшесінің басшылығы жиналыс өткізді. Бұл мәселені «бір терезе» принципіне ыңғайластырсақ, жүк жөнелтушілерге де, бізге де жақсы болар еді. Фитоқызмет пен кедендік бақылау органы бір жерде отырса, жүк жөнелтушілер ана жаққа бір, мына жаққа бір сабылмас еді. Бірақ, әзірге оны шешу күрделі болып тұр. Жалтырда аталған құзіретті орган филиалдарын ашу үшін қызметкерге еңбекақы төлеп, орын жай жалдау керек, оргтехника, тағысын тағылар қажет. Қаржы бөлініп, бюджетке салыну керек. Дегенмен, қозғалыс бар, қазір Атбасар мен Жаңаесілде «бір терезе» принципімен жұмыс істей бастады. Бізде де бұл мәселе оң шешімін табар ждеп үміттенміз, – дейді станция бастығы.

Сұлугүл БАКЕСОВА 

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова