Кеңге қанат жайған кластер
Новости
03.10.2017, 11:07

Елімізде 189 шағын және орта бизнес кәсіпорынында дамып жатқан отандық теміржол машинажасау кластері, оның даму болашағы мен экспорттық әлеуеті және оларды мемлекет тарапынан қолдау мәселесі – Қазақстан машинажасаушыларының V Форумы аясында өз алдына бөлек секциялық отырыста кеңінен талқыланды.
Бұл саланың толыққанды кластері Елбасының тапсырмасымен индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылған болатын. Соның арқасында әлемдік машинажасау ісінің көшбасшылары«General Electric», «Alstom», «Patentes Talgo S.L.», «SIEMENS» және тағы да басқа компанияларымен әріптестікке қол жетіп, Қазақстанда да қазіргі заманғы жылжымалы құрам өндірісі ұйымдастырылған еді. Бұл күнде осы кәсіпорындарда жүк және жолаушылар тепловоздары мен электровоздары, вагондары, жолдың жоғары қабатына арналған материалдар (рельс, бағыттама бұрмалары, крестовиналар, темір-бетон брустар, шпалдар, рельстік бекітпелер, жөндеу жинақтары т.б.) жасап шығарылады. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде отандық өндірушілер 303 тепловоз, 62 электровоз, 552 жолаушылар вагонын (оның 116-сы кең шанақты), 7 321 жүк вагоны және 200 мың тоннадан астам рельс жасап шығарған. Осының арқасында теміржол өнімдерін шығарушы отандық жаңа өндірістер, мысалы, қосалқы, толықтырушы бөлшектер, жылжымалы құрамға қажет жабдықтар шығару ісінің дамуына негіз салынды. Саланың дамуының нәтижесінде 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, темір жол өнімдерінің 5120 түрі игерілді. Орташа деңгейде өндірілген өнімдегі қазақстандық үлестің көлемі 37 пайыз болды, енді оны 2020 жылға дейін 51 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Форумның салалық сектор отырысына модератор болған «Локомотив жөндеу» АҚ басшысы Талғат Лесов Қазақстан теміржолындағы машина жасау саласына осылай тоқтала келе, осындай кәсіпорындарда жаңғырту және шығарылатын өнімдер тізімін кеңейту үшін жұмыстар жүргізілгенін айтты.
- Былтыр «Тұлпар-Тальго» кәсіпорыны кең шанақты 116 жолаушылар вагонын шығарды, осылайша жолаушылар үшін жайлылық деңгейі артты. 2022 жылға дейін осындай 603 вагон жасалатын болады. Жүрдек жолаушылар қозғалысын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында негізгі бағыттардағы жолдарда жүру уақыты 2 есеге қысқарды деуге болады, - деп атап өтті Т. Лесов.
Сонымен бірге ол инновациялық жүк жылжымалы құрамының өндірісі, атап айтқанда, ашық вагондар, дәнді дақыл таситын кемелер, фитингтік платформалар жасау игерілгенін жеткізді. Олардың жүк көтергіштігі 20 пайызға өсірілген. Жөндеу аралық жүрісі 3 есе арттырылған. Фитинг платформаның сыйымдылығы 2 есе ұлғайтылған. ТЭП-33А сериялы жолаушылар тепловозы мен KZ4AT сериялы электровоз өндірісі игеріліп, 2020 жылға дейін 75 жолаушылар электровозы мен 145 жолаушылар тепловозын шығару жоспарлануда. Бұрын ТМД аумағында шығарылмаған термобекіту рельстерін шығаруға да ден қойылып, биыл Р65 ДТ350 СС сертификатына қол жеткізілді. Оны алғаш рет Өзбекстанға биыл шығару көзделуде.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан өнімдерін экспорттау мәселесіндегі жұмыстарды Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар бойынша жүргізіп отыр. Бүгінде шетелдік темір жолдар экспортына қазақстандық 36 млрд теңгеден астам және 100 млн АҚШ долларынан астам көлеміндегі өнімдері қойылды. Атап айтқанда, қазақстандық тепловоздардың 23 данасы Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Украинаға, 1280 дана бағыттама бұрма Әзербайжанға, 600 дана дөңгелек бандаж өнімі Әзербайжанға, 5,2 мың тн рельс Өзбекстан, Беларус, Украина және Грузияға экспортталды.
Темір жол өнімдерінің жалпы экспорттық әлеуеті 3 млрд АҚШ долларынан астам деп бағаланады, ал өткізудің нарықтық географиясы Еуразия құрлығының 18 елін қамтиды. Бүгінде ұлттық компания еліміздің вагон жасау саласын дамыту бойынша кешенді ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеу үстінде. Онда тек көлем ғана емес, сонымен бірге техникалық даму жағы, заң мен қаржылық жағынан мемлекеттік қолдау мәселесі де қарастырылады.
Қолдау барда кластер дамиды
Темір жол машинажасау кластерінің қалыптасу кезеңіне куә болып жүргенімізді айтқан ҚР ИД министрлігі өндірістік қауіпсіздікті индустриалды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев темір жол өнімдерін шығарушы отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды. Мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатқан жобаларды, жұмыстарды баяндаған Т. Бекболатұлы Қазақстандағы машинажасау саласына инвестиция тартуда теміржолдың машина жасау саласы көш бастап тұрғанын жеткізді. Биыл алты ай ішінде салаға инвестиция тарту көлемі 20 есеге артқан.
Жаңа кластер болса да бүгінде жылжымалы құрамға қажет жабдықтардың бәрін шығаратын, аяқтан тұрған сала деп темір жол машинажасау саласына баға берген ҚР ИДМ көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов осы өнімдерді тұтынушыларға қолдау көрсету туралы баяндады. ҚР-ның темір жол көлігі туралы заңына, соның ішінде темір жол өнімдерін шығарушы ұлттық өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету, әсіресе, олардың өнімдерін экспорттау кезінде несиелендіру мен қаржылық лизинг бойынша сыйақы беруді субсидиялауға қатысты өзгерістер енгізу туралы ұсыныс айтылған еді. Бұл заң жобасының жүзеге асырылуы аталған саланың болашақта дамуына ықпал етіп, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа нарықтарды бағындыруына серпін береді.
Отандық өндірушілерді қолдаудың қаржылық тетіктері туралы «БРК Лизинг» АҚ жобалық дирекциясының басшысы Азат Абайдилдин айтты. «Даму банкінің» еншілес ұйымы, әрі «Бәйтерек» холдингінің құрамына кіретін аталған АҚ лизинг, өндіруші өндірісті, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, сонымен бірге Қазақстан экономикасына ішкі, сыртқы инвестицияны тарту арқылы мемлекеттік инвестициялық саясат тиімділігін арттыру, жетілдіру, жүзеге асыруды мақсат етеді. Отандық тауар өндірушілерді қолдау ретінде компания жүзеге асырған жобалар қатарында «Әзербайжанға локомотив экспорттау» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жобалары бар.
Даму және экспортты ілгері бастыру тетіктері
«KAZAKH INVEST» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру департаментінің директоры Қуаныш Мұқажановтың айтуынша, қазақстандық дайын өнімдердің 1486 экспортері болса, соның 110-ы машинажасау экспортерлері. 2010-2016 жылдар аралығы мен 2017 жылдың 8 айы ішінде 1,9 млрд АҚШ доллары көлемінде экспорттық келісімшарт жасалынған, оның 328 млн. АҚШ доллары көлеміндегісі машина жасау саласына тиесілі. Сондай кәсіпорындар қатарында «Локомотив құрастыру зауыты» мен «Тұлпар Тальго» кәсіпорындары бар.
Бұдан басқа форум аясында қазақстандық үлес – ұзақ мерзімді келісім шарт жасау жағдайына негізгі алғышарт тақырыбында «Самұрық-Қазына» АҚ методология қызметінің басшысы Мұхит Мағажанов баяндап, машина жасау өндірісіндегі темір жол бағытында қазақстандық үлестің жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді. Ал ұлттық компанияның техникалық саясаты туралы техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев мәлімдеді.
Қазақстандағы вагон құрастыру бағдарламасының таныстырылымы
Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ техникалық орталық директоры Азамат Жанкелді баяндады. Оның айтуынша, 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық -инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында темір жол машинажасау саласы – ерекше басымдық берілген секторлардың бірі деп көрсетілгендіктен, компанияда жүк вагон құрастыру бағдарламасы жасалды. Оның мақсаты – вагон құрастыру саласын жақсарту, дамыту болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін мынадай міндеттер қойылды: жеке инновациялық вагон моделін жасау, жаңа толықтырушы жабдықтарды жасауды игеру, темір жол өнімдерін өндіру локализациясын арттыру. Екі кезеңге бөлініп орындалатын бағдарлама 6 жылға арналған. Бірінші кезеңі 2020 жылға дейін, екіншісі 2023 жылға дейінгі аралық. Бұл жобаны жүзеге асыру елімізде вагондар жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектеседі. Бүгінде вагондардың пайдаланыстан жыл сайын орташа есеппен 3,5 мың данадан көптеп шығып қалуы осы бағдарламаны қабылдау қажеттілігін тудырды.
Алып зауыттардың дамуы мен экспорттық әлеуеті
Бұл секцияның ең маңызды машинажасаушы кәсіпорындары саналатын «ЛҚЗ», «ЭҚЗ» және «Тұлпар-Тальго», «АРБЗ» зауыттары даму перспективалары мен экспорттық әлеуеті туралы жұмыстарымен таныстырды. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ басшысы Марат Тлеубаевтың айтуынша, зауыттың технологиялық жабдықтар паркі әлемдік өндірушілердің мыңнан астам станоктары мен өңдеу орталықтарынан тұрады. Мұнда металдан кез-келген өнім жасау мүмкіндігі бар.
Ал дәл қазірде «Жолаушылар тасымалы» АҚ тапсырысы бойынша жолаушылар сыйымдылығы жоғары екі жаңа вагон түрін өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Тұлпар-Тальго» ЖШС бас директоры Паскуаль Торрестің айтуынша, бұл жобалардың мақсаты – жүрдек пойыздарға мінген жолаушылар сұранысын қанағаттандыру. Сонымен бірге пойыздар билеті құнын төмендетіп, ескі вагондарды жаңаларымен ауыстыру. Тағы айта кетерлігі, зауыт мүдделі тапсырыс берушілер үшін ұсынуға болатын қалааралық бағыттағы мотор-вагонды пойыздардың дайын жобасына ие. Зауытта сондай-ақ қазақстандық үлесті арттыру үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы жағынан локализациялау бағдарламасының берері көп. 6 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан серіктестіктен осы аралық ішінде барлық халықаралық талаптарға сай келетін 20 құрам жасалып шыққан. Ал зауыттың экспорттық әлеуетіне келсек, соңғы екі жылда Иран, Өзбекстан, Ресейдегі серіктестермен тығыз жұмыс жүргізілуде екен. 2015 жылы Иран республикасына Тальгоның бір құрамы динамикалық сынақ үшін жөнелтілген. Құрам ирандықтарға қатты ұнаған. Қазіргі таңда вагондарды сатып алу бойынша қаржылық мәмілелер жасалуда.
Төрт жыл бұрын ашылып, бүгінде жылына 200 мың тонна рельс жасап шығаратын «Ақтөбе рельс құрастыру зауыты» ЖШС өкілдігінің директоры Нұрлан Алтынбековтың мәлімдеуінше, зауыттың алдағы мақсаты – фасондық прокат өндірісін игеріп, әлемдік нарыққа шығу үшін және еуропалық стандарттағы рельстер сұранысын өтеу мақсатында EN 13674-1:2011еуростандартына сәйкес 60E1 және 60E2 түріндегі жаңа рельс шығару. Зауыт өнімдері өзінің негізгі техникалық сипаттамасы жағынан ұзаққа жарамды, әрі сенімді, тіпті ресейлік баламасынан да асып түседі. Көптеген параметрлері бойынша танымал әлемдік өндірушілер сапасына жақын.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Новости
17.10.2025
Преподаватели железнодорожных вузов и колледжей прошли стажировку в КТЖ
Регионы
17.10.2025
Железнодорожники Восточного Казахстана провели мониторинг наличия угля на угольных тупиках региона
Новости
17.10.2025
Железнодорожник Султан Смамбаев награжден медалью «Ерен еңбегі үшін»
Грузовые перевозки
17.10.2025
Более 50 тысяч поездов проследовало через Хоргос по маршруту Китай – Европа/Центральная Азия
Регионы
17.10.2025
Специализированный мостоотряд завершил ремонт на 85 объектах в Алматинском регионе
Новости
17.10.2025
Систему телемеханики обновили на комплекс «АМТ» в Кокшетауской дистанции электроснабжения
Новости
17.10.2025
Этап модернизации путевого хозяйства завершили на станции Балхаш-1
Грузовые перевозки
17.10.2025
КТЖ обеспечивает выполнение поставок угля в Восточный Казахстан
Новости / Архив
17.10.2025
Газета Қазақстан теміржолшысы, №86 от 17 октября 2025 года
Новости
16.10.2025
КТЖ и RIKEN KOGYO готовят новые решения для защиты железнодорожной инфраструктуры от снега и ветра
Регионы
16.10.2025
Карагандинские железнодорожники отметили 120 лет профсоюзного движения
КТЖ в лицах
16.10.2025
История профсоюзного лидера Магаш Узаковой: 20 лет защиты интересов железнодорожников
Регионы
16.10.2025
Железнодорожники отметили 120-летие профсоюзного движения в Усть-Каменогорске
Новости
16.10.2025
Современные тепловозы прибыли в депо Жанаарка и Мангистау
Регионы
16.10.2025
Династия Насыровых: труд, преемственность и любовь к дороге
Новости
16.10.2025
КТЖ, ГЖД и казахстанские экспортеры обсудили новые возможности
Новости
16.10.2025
Отбор в Молодежный кадровый резерв объявили в КТЖ
КТЖ в лицах
16.10.2025
Начальник станции Ащиголь Андрей Вастулов - рационализатор с ключом к безопасности
Новости
15.10.2025
Фотовыставка «Закон и Порядок» представлена на столичном вокзале «Нұрлы Жол»
Новости
15.10.2025
Казахстан увеличит экспорт агропродукции в Китай