Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы мен танымалдығы артып келеді

Жүк тасымалы
22.08.2022, 11:01
Оқуға 2 мин

Түрікменстанда «Ашхабад процесі: өзара тәуелділікті нығайту» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Алқалы басқосуға теңізге шыға алмайтын 30-дан астам мемлекеттің өкілі қатысты. Қазақстандық делегацияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов бастап барды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жиында А. Ыдырысов баяндама жасап, көлік-логистикалық кешені саласындағы бірқатар мәселелерге назар аударды. Ол өз сөзінде бүгінде пандемия салдарынан көлік саласында жаһандық өзгерістер орын алып жатқанын атап өтіп, осыған орай жүк көлемін ұлғайту мен тасымалдау сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ вице-министр Қазақстанның мультимодальды транзиттік тасымалдар үшін Жаһандық транзиттік құжатты қолдануды қолдайтынын баяндады.

Халықаралық жиын барысында БҰҰ әзірлеген ұсынымдарды жүзеге асыру бойынша және өзара тәуелділікті нығайтудың практикалық аспектілері талқыланып, осы тараптағы бірқатар жаңа ұсыныстар қарастырылды. Сонымен қатар басқосуға қатысушылар Бірінші жаһандық көлік конференциясының нәтижесінде Ашхабад процесін жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, аталған процесс аясында жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулерді жиі өткізуді ұсынды. Бұл транзиттік тасымал, энергияға қолжетімділік, энергетикалық ресурстарды тасымалдау салаларындағы мәселелерді оңтайлы шешім табуына ықпал етпек.

Айта кетерлігі, аталған алқалы жиын 2024 жылы өтетін БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер бойынша Үшінші конференциясына дайындық процесінің бір бөлігі.

Сонымен қатар Алмаз Ыдырысов Стамбұл қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы Көлікті үйлестіру комитетінің арнайы отырысына қатысты. Жиын Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның профилді министрлері орынбасарлары деңгейінде ұйымдастырылды.

Бүгінде Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдері аумақтары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңыздылығы мен танымалдылығы артып келеді. Вице-министр Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, көлік-логистикалық кешенін дамыту – Түркі мемлекеттері ұйымына мұше елдердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда байланыстары үшін үлкен маңызға ие.

Басқосу шеңберінде Шығыс-Батыс Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойындағы көлік-транзиттік операцияларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы көліктік және транзиттік жұмыстарды цифрландыру таразыланды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды