Жанар-жағармайды темір жолмен тасымалдауды оңтайландырып жатырмыз - Энергетика министрі

Жүк тасымалы
25.08.2022, 15:09
Оқуға 2 мин

Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгін БАҚ өкілдерімен кездесіп, ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Министрдің айтуынша, елде жанар-жағармай қоры жеткілікті, дей тұрғанымен кейбір өңірлерде дизель отыны тапшы көрінеді. Алайда, қорда 213,4 мың тонна дизель отыны бар, оған қоса елдегі барлық мұнай өңдеу зауыттары штатты режимде жұмыс істеп тұр.  

«Бүгінде елімізде жанар-жағармайдың қоры да, өндірісі де жеткілікті. Көлік отынына деген сұраныстың артуы күзгі маусымдық құбылыс, ол жыл сайын болып тұрады. Қазір ауыл шаруаларының жиым-терім жұмыстарының басталуына байланысты дизель отындарын алдымен шаруалар мен жанармай бекеттеріне жеткізіп жатырмыз», – деді министр.

 Болат Ақшолақов сөз арасында жанармай өндірумен қатар оларды жеткізу жұмыстарын да оңтайландырып жатқандарын айтты.

«Жанармайды тиеуден, тұтынушыға дейін жылдам жеткізуді қарастарып отырмыз. Бұл бірінші кезекте темір жолмен байланысты. Темір жолдағы әріптестеріміз бүкіл вагондардың жеткізілуін, локомативтердің тасымалы, жолдың сапасын тексеріп, жолды қысқартып, логистиканы оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы кездегі жанармайға деген сұраныстың екі есе өсуі логистикаға әсер етіп, қосымша жүктеме болып отырғаны белгілі. Сондықтан біз тасымалдау жағын оңтайландырып, вагондар санын көбейтіп, локомативпен тасымалдауды уақытылы атқару жағын бірігіп қарастырып жатырмыз», – деді Б.Ақшолақов.

Жиын барысында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов жанар-жағармайды темір жолмен тасымалдауда қандай кідіріс болатынын айтып берді.

«Қазір цистерналарды тезірек жинап, зауыттарға беріп жатырмыз. Жеткізілген  цистерналар уақытылы босатылмай, кідіріс болып қалады. Егер жылдам босатып бергенде зауыттардың тапсырысын одан да көп мөлшерде орындау мүмкіншілігіміз бар», – деді ол.

Қанат Әлмағамбетовтың айтуынша, соңғы кезде жанармай тасымалдауда жүктеме арта түскен. Бұған дейін үш зауыттан күніне орта есеппен 550 цистерна жанармай құйса, қазір ол көрсеткіш 808-900 цистернаға дейін артқан. Яғни күндік тиеу жүктемесі 80 пайызға дейін өскен. Соған қарамастан темір жолмен жүк тасымалы уақытылы атқарылып отыр.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды