Жылу беру маусымы: Теміржол көлігімен 22 млн тонна көмір жеткізілді

Жүк тасымалы / Апта саны
15.09.2022, 15:51
Оқуға 2 мин

ҚТЖ осы жылдың мамыр-тамыз аралығында ел тұрғындары үшін 22,1 млн тоннадан астам көмір жеткізген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жылыту маусымына дайындық кезеңінде (осы жылдың мамыр - тамыз айлары) ҚТЖ желісінде қазақстандық тұтынушылар үшін көмір тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ке өсіп, 22,1 млн астам тонна болды. Оның ішінде еліміздің негізгі ЖЭО-на 19 млн тонна қатты отын тиеліп, жоспар 100% орындалды. Тұрғындар мұқтаждығы үшін - 3,1 млн тонна, бұл 2021 жылғы деңгейден 28%-ке жоғары.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2022-2023 жылдарға арналған көмір тасымалын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы бекітіліп, оған вагондар мен локомотивтер паркін тасымалдауға дайындау, тасымалдарды маршруттау жөніндегі іс-шаралар енгізілді.

Еліміз тұтынушыларын дер кезінде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін ҚТЖ жылу беру маусымы қарсаңында «Қазтеміртранс» АҚ паркінің жартылай вагондарын экспортқа тиеуге тыйым салды. Еліміздің солтүстік өңірлері үшін көмір тиеу басымдыққа ие, мұнда ертерек суытып, аяз болуы мүмкін.

Павлодар облысының «Богатырь» және Қарағанды облысының «Молодежный» көмір разрездерімен бірлесіп, айналма және жөнелту маршруттары ұйымдастырылады. Құрамдар разрездер мен станциялар арасында айналымға түсіп, түсірілгеннен кейін таралтылмай, көмірді жаңадан тиеуге жіберіледі. Бұл тәсіл вагондардың айналымын тездетеді.

ҚТЖ-да көмір тасымалдау бойынша жедел штаб ұйымдастырылса, жол бөлімшелерінде мониторингтік топтар құрылған. Штаб вагон айналымын бақылап, вагондардың жүк операцияларында тұрып қалуын қысқарту жөнінде шаралар қабылдайды. Жедел топтар станцияда көмірдің түсуіне, көмір қоймаларында қатты отынның болуына тәулік сайын мониторинг жүргізеді.

Ортақ тәсілдерді әзірлеу үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің, көмір разрездері өкілдерінің, кірме жолдар меншік иелері мен жалға алушыларының қатысуымен кеңестер өткізіледі.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды