ҚТЖ-ғы ірі жүк терминалдарының бірі қалай жұмыс істеп жатыр?

Жүк тасымалы
13.10.2022, 16:52
Оқуға 2 мин

2022 жылдың 9 айында "Кедентранссервис" АҚ елордалық жүк терминалымен 147 мың тоннадан астам жүк өңделді.  2,5 мыңнан астам вагон, 2,9 мың 20 футтық контейнер жүк тиелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жүктер номенклатурасы әр түрлі: техника, автомобильдер, құрылыс жабдықтары мен материалдары, көмір, қағаз, дәрі-дәрмек және тамақ өнімдері. Терминалдан өнім елордалық базарларға, Еуропа, Азия елдеріне, Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне жөнелтіледі.  

Терминал жүктерді, контейнерлер мен вагондарды тиеуді, түсіруді, сақтауды жүзеге асырады. Жүктерді өңдеу, көліктік-экспедициялық қызмет көрсету қызметтерін ұсынады, "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейді және жүктерді "door to door" логистикалық схемасы бойынша - есіктен есікке дейін түпкілікті тұтынушыға жеткізеді.  Терминал 1997 жылы пайдалануға берілді.  Жалпы алып жатқан ауданы 23 гектардан асады, аумақта 17 кірме жол бар (олардың ұзындығы 8,1 мың метрден асады), оның ішінде тиеу-түсіру, жалғау, көтеру және көрме жолдары бар. Терминал ірі тоннажды контейнерлерді тиеуге, түсіруге және сұрыптауға арналған 4 тірек крандарымен, тиегіштермен және өзге де техникамен жабдықталған.  

Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді. Оның ұжымы-көп жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар.

"Кедентранссервис" АҚ көліктік-логистикалық және терминалдық қызметтердің ірі операторы болып табылады.  Компанияның активінде Қазақстанның барлық ірі өңірлерінде, сондай-ақ шекара маңындағы түйісулерде орналасқан 17 терминалы бар.  "Кедентранссервис" АҚ паркінде 4,4 мыңнан астам фитингтік платформа бар, қойма үй-жайларының ауданы 2 млн шаршы метрді құрайды. Тәулігіне терминалдар 250-ден астам вагон, 14 мың тоннадан астам жүк, 800-ден астам ЖФЭ өңдейді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды