Алты мемлекет Иран арқылы контейнерлік транзитті арттыру үшін күш біріктіруде

Жүк тасымалы
26.11.2025, 10:54
Оқуға 1 мин
Сурет: IRNA

Стамбулда Иран, Қытай, Қазақстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері Қытай — Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымалдарды Иран аумағы арқылы дамытуға арналған келісімге қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Құжат біркелкі бәсекеге қабілетті тарифтерді қалыптастыруды, пойыздардың жылдам қозғалысын қамтамасыз етуді, кедендік және қосымша шығындарды азайтуды, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын дамыту міндеттерін көздейді.

2025 жылғы 18 қарашада Қытайда өткен екінші халықаралық теміржол тасымалдары форумында Иранның жолдар және қалалық даму министрлігінің (MRUD) басшылығы Меренд — Чешме-Сория бағытындағы теміржол желісін салуда елеулі ілгерілеу болғанын хабарлады (Түркиямен шекара маңы). Бұл желіні пайдалануға беру жаңа транзиттік коридор қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ Серахс (Түрікменстан шекарасы) — Чешме-Сория маршруты бойынша пойыз жүргізу мүмкіндігі қарастырылуда. Қазіргі уақытта Иран теміржолдары (RAI) қозғалмалы құрамның тапшылығына тап болып отырғандықтан, 2025 жылдың қазан айында Иранның MAPNA компаниялар тобына тепловоздарды жеткізу және жаңғырту бойынша келісімшарттар жасалды.

2024 жылы Қытай — Еуропа бағыттары бойынша шамамен 20 мың контейнерлік пойыз қатысып, 60 млн тоннаға жуық жүк жеткізген. Келісімге қатысушы тараптар келісімдердің іске асуы Иран аумағы арқылы өтетін теміржол тасымалының үлесін едәуір арттыратынына үміттенеді. 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды