ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді

Жүк тасымалы
16.06.2026, 14:26
Оқуға 1 мин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік жауапты тариф қалыптастыру саясаты шеңберінде республикаішілік қатынаста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына бидайды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісі мен тасымалдаушының қызметтері тарифтеріне 0,3 төмендету коэффициентін (70% жеңілдік) беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 30 астам атауына қолданылады және отандық азық-түлік өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған.

Жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыстары орта есеппен 40% қысқарады деп күтілуде, бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің және отандық тауар өндірушілер үшін теміржол тасымалының қолжетімділігін арттырудың қосымша құралы болады.

Тарифтер туралы толық ақпарат ресми сайттарда орналастырылған:

– «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Инфрақұрылым» → «Тарифтер» бөлімінде; 

– «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Тарифтік саясат» және «Клиенттерге» бөлімдерінде.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды