ҚТЖ: ІТ мамандарға есік ашық

Цифрландыру
30.09.2022, 08:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жыл сайын елордада дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Digital Bridge-2022 форумына «ҚТЖ» ҰК» АҚ осымен екінші жыл қатысты. Форумның «Корпоративті сектордағы цифрлық трансформация» панельдік сессиясында ұлттық компания басқарма төрағасының цифрландыру және стратегия жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов ҚТЖ-дағы цифрландыру жобаларымен бөлісіп, бірқатар ІТ компаниялар өкілдерімен кездесті.

 – Біз үшін бұл форум – соңғы жылдары өте маңызды және қызықты алаңға айналды. Өткен жылдан бері отандық компанияларды белсенді түрде тартуды трендке айналдырдық. Былтыр ҚТЖ-ның ІТ-инфрақұрылымы, ақпараттық жүйесін жаңғыртудың жаңа бағдарламасын әзірледік. Ақпан айында бизнес өкілдерімен кездесулер өткізе бастадық. Біз технологияларды бірегейлендіру бағытын таңдадық. Бұл ІТ шешімдерді жүзеге асыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Ә.Ахметжанов.  

Айтуынша, инфрақұрылымның ескі жүйесі көптігіне байланысты Қазақстан темір жолы цифрландыру мәселесінде біраз кедергілерге ұшырады. Соңғы 3-5 жылда ақпараттық жүйені қайта жаңғыртуға қатысты инфрақұрылымды жақсарту бойынша сындарлы стратегия жасауға мәжбүр болды. Қазақстанның барлық аумағында ауқымды инфрақұрылымы бар ҚТЖ үшін оның жағдайы мен сапасы өте маңызды саналады. Осыған орай компанияда басқарма төрағасының бастамасымен Талдау орталығы құрылып, оған жас мамандар, сарапшылар топтастырылуда. Цифрландыруды жүргізбес бұрын сол бизнес процестің өзін оңтайландыру керек, сосын барып ІТ мамандар алынады.  

– Қазіргі таңда бізге ҚТЖ ішінде жаңа экожүйе құратын мамандар аса қажет. Тасымал нарығын  да бәсеке жоғары екені белгілі. Оны жоғары деңгейге жеткізу үшін автоматтандырудың ең биік деңгейіне қол жеткізу көзделеді. Көптеген компаниялар бізге хабарласады және түрлі бизнес-үлгілер бойынша қарым-қатынас орнатуды көздейді. ҚТЖ жалпы алғанда бұл компаниялар үшін қызықты ұсыныстар да бере алады, – деген Ә.Ахметжанов, ұлттық компания цифрландыруда қызықты ІТ шешімдері, идеялары бар отандық бизнес өкілдерімен жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды