ҚХР шекарасында транзиттік декларацияларды беру процесі автоматтандырылады

Цифрландыру
23.01.2024, 16:16

Пилоттық режимде Қытай – Орталық Азия және Қытай – Еуропа бағыттары бойынша теміржол көлігімен тасымалданатын жүктердің транзиттік декларацияларын автоматты түрде беру және шығару үшін Тez Сustoms цифрлық платформасы енгізілді.

Жобаны ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен PSA International-Global DTC әлемдік порт операторының еншілес компаниясымен бірлесіп іске асыруда.

2023 жылдың 9 желтоқсанынан бастап пилоттық жоба Алтынкөл – Сарыағаш бағдары бойынша Өзбекстан бағытында іске қосылды. Ол бойынша Алтынкөл станциясында 109 транзиттік декларация автоматты режимде шығарылды және ресімделді, барлық декларациялар бойынша транзит Сарыағаш станциясында сәтті аяқталды.

Өткен жылдың 27 желтоқсанында платформа Достық – Брест Северный бағдары бойынша іске қосылды, 52 транзиттік декларация ресімделіп, оларды Беларусь Республикасының кеден қызметі электронды түрде алды және олар бойынша транзитті аяқтады.

Пилоттың алғашқы нәтижелері транзитті электронды декларациялау және кедендік шығару процесіне 30 минут ішінде қол жеткізу болды.

Пилот өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге және транзитке тартылған ЕАЭО елдерінің жалпы шешімі қабылданғанға дейін жалғасатын болады.

Tez Сustoms платформасы алдын ала ақпаратты дайындауды, транзиттік декларацияларды автоматты тіркеуді және шығаруды қоса алғанда, кедендік транзитті қағазсыз ресімдеу процесін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Бұл ретте МКК ақпараттық жүйесі контейнерлердің келуі мен кетуі туралы автоматты ақпарат алады, ал темір жол жүйесі – декларацияның шығарылуы және транзиттің аяқталуы туралы электрондық хабарлама алады, бұл қағаз декларацияларды ұсынбай жүкті одан әрі жөнелтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Tez Customs–DTC-Digital Trade Сorridor платформасының модульдерінің бірі. DTC платформасы мультимодальды тасымалдаулар үшін жіксіз цифрлық құжат айналымын қамтамасыз ету және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуды ынталандыру мақсатында әзірленген. Платформа ТХКБ елдерінің барлық қатысушылары – Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия үшін құжат айналымын цифрландыруды қамтамасыз етеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады