Құрық портында «Саржа» теңіз терминалы салынады

Инфрақұрылым
20.12.2022, 09:59
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан табиғи шығанақ Құрық портында ауа-райы қолайлы болғандықтан жыл он екі ай тоқтаусыз автокөлік пен теміржол паромы жұмыс істейді.

«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметовтің айтуынша, портты дамыту мақсатында болашақта «SEMURG INVEST» ЖШС-мен арада келісімге қол қою жоспарлануда. Сол арқылы бекітілген жол картасына сәйкес порт нысандарының құрылысын аяқтау мерзімі бойынша өзара міндеттемелер айқындалатын болады. Портты одан әрі дамыту үшін судың түбін тереңдету жұмыстары жүргізілмек.

– Габаритсіз және ауыр салмақтағы жүктерді қабылдау, сонымен қатар порт арқылы басты жүктерді ауыстырып тиеу жұмыстарын жүргізу үшін су түбін тереңдете отырып, №3 айлақтың құрылысы бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Мемлекеттік органдармен, сондай-ақ мүдделі ұйымдармен бірлесе отырып порттың қазіргі инфрақұрылымы төрт паромға бір уақытта қызмет көрсететін теміржол және автомобиль айлақтарымен бөлінген. 2022 жылдың нәтижесіне келсек, биыл 11 айда портта жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1697,7 мың тоннаны құрады. Дөңгелек техникасын түсіріп-тиеу көлемі 565,5 мың тонна болды, яғни 26 763 дана. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58 %-ке артық. Алдағы жылдары порттың өткізу қабілетін 1,5-2 миллион тонна жүкке жеткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді С.Ахметов.  

2022 жылғы 15 қарашадағы республикалық бюджет комиссиясы отырысының нәтижесінде «Құрық порты» ЖШС-ін «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушылары құрамына енгізу туралы шешім қабылданды. Портты АЭА қатысушысы ретінде биыл жылдың соңына дейін тіркеу жоспарлануда. Басшылық қуаттылығы жылына 1 млн тонна астық жинауға мүмкіндік беретін астық терминалының құрылысын жүргізу бойынша Жаңаесіл астық компаниясымен уағдаластыққа қол жеткізді. Аталған терминалды келесі жылы пайдалануға беру көзделіп отыр.  

ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілеповтің айтуынша, Қазақстанның порт инфрақұрылымын дамыту үшін Құрық портында 2025 жылға қарай «Саржа» теңіз терминалының құрылысы жүргізілмек. Жоба аясында көлік-логистикалық орталық пен астық және сұйық жүктер терминалы салынады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті