2026 жылдың басынан бастап темір жол инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде ҚТЖ желісінде темірбетон арқалықтарға бағыттамалы бұрмалардың 1045 жиынтығы төселді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жекелеген учаскелерде жұмыстар Desec мамандандырылған жол техникасын қолдана отырып жүргізілуде, оның көмегімен ағымдағы жылдың 10 айында 320 бағыттамалық бұрма төселді.
Бағыттамалық бұрмаларды жаңарту пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін, теміржол инфрақұрылымының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта жұмыс Арыс және Алматы мен Жамбыл облыстары шекараларындағы учаскелерде жалғасуда.