Шымкент жолшылары асарлатып ауқымды жұмыс атқарды

Инфрақұрылым
01.07.2025, 08:41
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкенттік жолшылар ежелден келе жатқан тиімді әдістің арқасында біраз шаруаның басын қайырды. Арыс-1 станциясында асар әдісімен ауқымды жұмыс атқарылып, екі күнде 400 астам ағаш шпал темір-бетонға алмастырылды.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Алғазы Қойлыбаев бекіткен жоспарға сай қолға алынған жұмысқа Арыс жол дистанциясының барлық айналымдағы бригадалары, жол жөндеушілер түгел қатысты. Екі күнге жоспарланған жұмысқа 130-дан астам жолшы жұмылдырылып, тозығы жеткен ағаш шпалдардың орнына кәсіпорын балансында тұрған темір-бетон шпалдар төселіп, рельс пен шпалдың беріктігін қатыруда КБ бекітпесі қолданылған.  

Мамандардың түсіндіруінше, бұл жоба көктемгі тексеріс нәтижесінде анықталған кемшілікті жою мақсатында және станцияішілік жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында іске асырылған.  

Дистанцияның бас инженері Думан Асылханұлының айтуынша, жұмыс басталмас бұрын нақты жоспар құрылып, тыңғылықты дайындық жұмыстары жүргізілген. Материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуден бөлек, жұмыс кестесі түзіліп, әр топқа бөлініп берілген. Жұмыс барысында станция паркіндегі №4 пен №64 жол аралығында жолдардан бөлек, 4 бағыттағыш бұрмалар аралығындағы шпалдардың кейбірі жаңартылды.  

– Бас-аяғы 400 шпал ауыстырылған болса, оның ішінде ең көбі №64 жолда – 56 шпал, ал №4 пен №52 жолдың әрбірінде 26 шпалдан ауыстырылды. Сол сияқты №160 пен №144 бағыттағыш бұрма аралығына 30 темір-бетон шпал төселді. Бұл жерде әрине жұмыс көлеміне қарай жұмысшы саны да бөлінгендігін ескеру керек. Мәселен, ең көп шпал ауысқан №64 жолда 19 жолшы жұмыс істеді, – дейді асарлатып істелген ауқымды жұмыстың басы-қасында жүрген ПЧ-54 мекемесінің бастығы Ғалымжан Ғазезұлы.  

Екі күнге жалғасқан ауқымды жұмыс толаскез санатына жатпайды. Тек, станция паркінде тұрған вагондарды реттеп, жөнделуі тиіс жолдарды ашу арқылы жүзеге асырылған. Сондықтан да, пойыз қозғалысы мен жүріп-тұруына ешқандай кедергі келмеген. Айрықша атап өтерлігі сол, мұнда біртіндеп ауыстыру әдісі қолданылған. Яғни, әрбір 4-ші ағаш шпал алынып, орнына темір-бетон шпал салынған.  

Жолшылардың ауқымды жобаны жүзеге асыруына «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалы ұжымы да қол ұшын созып, көмек көрсетті. Олар аймақтардан келіп жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға ас-су жеткізіп беріп жағдайын жасады. Дистанция бастығының орынбасары Икрам Еркінбекұлының айтуынша, аптап ыстыққа қарамай екі тәулік бойы еңбек еткен жолшыларға арнап 30 келі палау әзірленіп, 150 литр салқын сусын ұсынылған.  

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды