Шымкенттегі теміржол өткелінде төрт жолақты көпір құрылысы қарқын алды

Инфрақұрылым
25.07.2025, 09:20
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Осы күндері Шымкент қаласының аумағына кіретін күзетпелі 3 теміржол өткелі бар болса, соның бірінде ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бүгінде Сайрамға қарай шыға берістегі күзетпелі өтпеде құрылыс жұмыстары бұрқ-сарқ қайнауда.

Бұл өткел ел аузында «Қазбакалейторг» аталса, теміржолшылар үшін 3 294 шақырымдағы автокөлік жолымен түйісетін өтпе. Қала әкімінің тапсырысымен автокөліктерге арналған төрт жолақты даңғыл көпір теміржол үстінен өтетін болады. Сала мамандарының айтуынша, нысанды жыл соңына қарай қолданысқа беру жоспарланған.  

Шымкент жол дистанциясының бас инженері Нұрсұлтан Дүйсебаевтың айтуынша, 3 294 шақырымның 9-пикетіндегі күзетпелі бақылау бекеті ресми құжат бойынша І санатқа жатады. Шымкент қаласы мен халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданы тұрғындары қалаға қатынайтын негізгі жол. Мұнда тәулігіне 12 мыңнан астам көлік пен түрлі санатты 60-қа жуық жылжымалы құрам өтеді.  

Тәуліктік қозғалыс белсенділігі жоғары нысан болғандықтан жергілікті билік осы маңға көпір салу жөнінде шешім қабылдап, оны «Береке-А» құрылыс корпорациясы іске асыратын болып шешім қабылданған. Өткен жылдың екінші жартысынан бастап коммуникациялық желілерді реттеу жұмыстары Шымкент жол дистанциясының мамандарымен бірлесе қолға алынып, 2-3 ай ішінде жоспар ойдағыдай орындалған.  

Қазіргі кезде аталған құрылыс нысанында өте күрделі бөліктерінің 75-80 пайызы сәтті іске асырылды. Құрылысқа жұмылдырылған 100-ге жуық жұмысшының 40-қа жуығы арнайы техникаларды тізгіндейтін механизаторлар. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде. Жуырда ғана темір жол үстінен өтетін 3 шақырымға жуық асфальт жолдың астындағы көпірдің 3 қатарлы 3 тіреу колоннасының негізі деп танылатын баған-қабырғаның үшеуі тұрғызылды. Сөйтіп, қос тараптан түбі нықтап тұрғызылған баған үстіне 42 метрлік темірбетонды балкалар орнатылды.  

– Осы балкаларды орнату үшін теміржол мекемесінің жетекшілерінен аталған құрылыс аумағындағы теміржол қозғалысын 72 сағатқа тоқтату туралы сұраныс хат жібергенбіз. Олардың әбжіл әрекетінің арқасында біз жоспарланған жұмысты мерзімінен бұрын, 2 тәулік ішінде орындап шықтық, – дейді «Береке-А» құрылыс корпорациясының прорабы Әділбай Сарымбетов.

Қазіргі кезде оңтүстікте 40-50 градус аптап ыстық. Бұл жағдай жұмыс қарқынын баяулатып, құрылысшыларға салмақ салатыны рас. Ендігі кезекте қалған 2 қатарлы бетонды бағаналарды тұрғызып, үстіне жабынды балкалар орнатылады. Бұл – құрылыс нысанындағы келесі еңсерілуі тиіс кезең. Содан соң бетонды қабырғалар арқылы жол биікке көтеріліп, өтпенің оңтүстік тұсында арнайы айналма жолдар салынады. Ал солтүстік тұсындағы автокөлік жолдары темір жолды жағалай көпір астымен төселеді және төртжолақты теміржол өтпесінің қос қапталында жаяу жүргіншілерге арналған жол болады.  

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды