Ақтөбеде жеті разъездің құрылысы басталды

Инфрақұрылым
29.08.2025, 10:19
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің жартыжылдық жоспар көрсеткіші жақсы. Қолдағы деректерге сүйенсек, 8 пайдалану көрсеткішінің 5-еуі орындалған. Тәулігіне 349 вагоннан жүк түсірілген.

Ақтөбе ЖТ бөлімі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында техникалық жоспарды 100 пайыздан жоғары орындады. Пайдалану көрсеткіштерін орындаудың оң динамикасы кіріс көрсеткішін арттырды. Жүк айналымы 3,9 пайызға ұлғайды. Сәйкесінше, кіріс өткен жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға артық. Жүктерді тиеу көлемі 8 млн 213 мың тоннаны құрады, бұл абсолюттік шамада 183 мың тоннаға артық.  

Жүк тиеу жұмыстарының дені 93,8 пайызы ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесіне тиесілі. Оның ішінде 6,2 пайызы шетелге тасымалданды. Осылайша жүктерді тиеу көрсеткіші 102,3 %, статикалық жүктеме 100,6 %-ға жетті.  

Тиелген жүктің негізгі үлесі құрылыс жүктеріне тиесілі – 43,6%, темір – 23,0%, түсті кен – 17,7%, мұнай – 5,1%, қара металдар – 4,0%, химиялық заттар – 1,1%, астық – 0,9%, басқа жүктер 4,2% құрайды.  

Тәуліктік тапсырма бойынша тәулігіне 343 вагон жүк түсірілу міндеттелсе, іс жүзінде тәулігіне 349 вагоннан түсірілді.  

Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаевтың айтуынша, биыл көп жылдық «2027 жылға дейін теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін дамыту бағдарламасы» жасалған. Оның шеңберінде автоблоктау жүйесі мен Қандыағаш – Никельтау – Әйтеке би учаскесінде жаңа 7 разъезд құрылысының басталуы маңызды оқиға екені аталып отыр. Бұл учаскенің өткізу қабілетін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.  

«Бүгінгі таңда жаңа разъездердің құрылыс орындары анықталды. Разъездердің 8 бағыттамалық бұрмаларын салу және төсеу, разъездердің жер төсемін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоса станциясы бойынша қосымша жол, сондай-ақ №191 разъездің жер төсемін орнату жұмыстары басталды. Сонымен қатар Никельтау станциясы бойынша айналма жол құрылысы жүреді. Бұл Қандыағаш – Никельтау – Әйтеке би полигонындағы жүк және жолаушылар пойыздарының өткізу қабілетін арттырады, – деді Бөріхан Беркімбаев.  

Сонымен қатар жиында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау компания үшін басымдықтардың бірі екені аталды. Биыл апатты жағдай тіркелмеді. Сәйкесінше, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған шаралардың жалғасатыны сөз болды.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды