Түркістан өңірінде алты вокзалда ауқымды жұмыс жүріп жатыр

Инфрақұрылым
14.10.2025, 09:35
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Биыл еліміздің теміржол саласындағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған батыл бастамалар жүзеге асуда. Қазақстан бойынша жүздеген теміржол вокзалдары жаңарып жатыр. Соның ішінде Түркістан облысының аумағында 6 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның бесеуінде күрделі қайта жаңғырту жұмыстары жүріп, біреуі реставрациядан өткізілуде.

Өткен жылы Шымкент қаласындағы вокзал сенімгерлік басқару негізінде жекеменшік санатқа өтсе, облыстағы өзге 5 вокзал ғимараты жергілікті атқарушы органдардың иелігіне көшкен. Негізінен, вокзалдар теміржол инфрақұрылымының маңызды нысаны болғанымен, олардың көпшілігі ҚТЖ-ның қарамағында емес. Осыған байланысты ұлттық оператор бұл вокзалдарды сенімгерлік басқаруға алу арқылы күтіп-ұстау мен сапалы қызмет көрсетуге жауапты болуға мүдделі. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстар мол қаржыны қажет ететіні белгілі. Дегенмен, сенімгерлік басқару жүйесі өзін тиімді бағыт ретінде дәлелдей бастағанын айту керек. Мәселен, жоғарыда Шымкент вокзалының жайын жаздық. Ал осы күндері Түркістан вокзалы ҚТЖ-ның сенімгерлік басқаруына берілуде. Ол үшін алдымен тарихи ғимарат ретінде толық реставрациядан өтіп, содан кейін ғана Ұлттық компанияның қарауына өткізіледі.  

Бүгінде өңір бойынша Түлкібас, Манкент, Арыс-2, Сарыағаш және Темір станциясындағы ғимараттар жаңғыртылуда. Қазіргі кезде Түлкібас пен Арыс-2 вокзалы толығымен бұзылып, орнына заманауи жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр. Ал Манкент вокзалына келсек, сараптамалық қорытындыға сәйкес, ғимарат қабырғалары жарамды болғанымен, іргетасы нығайтуды қажет етеді. Сондықтан мұнда тек іргетасты күшейту жұмыстары жүргізілуде. Осы тұста айта кетерлік бір жайт, Арыс-2 мен Теміржол вокзалының ғимараты кезінде жылдам тұрғызу мақсатында каркасты-құрастырмалы материалдардан салынған болатын. Уақыт өте келе бұл нысандар құрылыс талаптарына сай келмегендіктен қайта бой көтеруде. Сарыағаш вокзалының жағдайы да айрықша назар аударуды талап етеді. Сараптама қорытындысына сүйенсек, ғимарат қабырғаларындағы жарықтар сейсмологиялық тұрғыдан қауіп төндіретін деңгейде деп танылған. Сондықтан да оны бұзу және толық қайта салу жөнінде шешім қабылданған. Сала мамандарының пікірінше, жер сілкінісі кезінде ғимараттың опырылып құлау қаупі өте жоғары. Сондықтан бұл жерде де жаңа нысан бой көтеруде.  

Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан вокзалдарда жолаушыларға көрсетілетін қызмет тоқтатылған жоқ. Вокзалдар қызметін жақын маңдағы мекемелерге уақытша ауыстырылған. Бұл орындар жолаушыларға жағдай жасап, тиісті қажеттіліктермен қамтамасыз ету секілді негізгі талаптарға сай жабдықталған.  

– Вокзалдардың жаңартылып, қайта салынуы – жолаушыларға жайлылық пен қауіпсіздік ұсынып қана қоймай, өңірдің келбетін де жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта бұл жұмыстар толық аяқталған соң, жаңа вокзалдар тек қызмет көрсету сапасымен ғана емес, сәулетімен де көз тартары сөзсіз, – дейді Шымкент магистральдық желі дирекциясының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрғиса Пошанов.  

Жалпы, жаңа вокзалдарда заманауи талаптарға толық жауап беретін бірқатар жаңашылдықтар қарастырылған. Ана мен бала бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолайлы инфрақұрылым – бәрі ескерілген. Ал Сарыағаш вокзалы шекаралық аймақта орналасқандықтан, онда фитосанитариялық талаптарға сай арнайы оқшаулау бөлмесі де салынуда. Бұл – мемлекеттік шекарадан өтетін жолаушылар мен жүктің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған ерекше жоба.

Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды