Жабық жол қайта ашылды

Инфрақұрылым
27.11.2025, 10:32
Оқуға 2 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс станциясындағы 1-ші және 2-ші перегонды жағалай орналасқан «Серпантин» деп аталатын жол учаскесінің тақ жолы ресми түрде қайта іске қосылды. Станцияға келген пойыздарды бірден «Д» паркіне жалғайтын бұл жол – өңірдегі теміржол саласының жұмысын оңтайландырып, пойыздарды сұрыптау үдерісін жеделдетуге бағытталған маңызды қадам.

Нақтылап айтқанда, енді Шымкенттен келген пойыздардың «Д» паркіне тікелей кіру мүмкіндігі пайда болды. Яғни бұрынғыдай Арыс-2 арқылы өтіп, Арыс-1 станциясының орталық паркінде есепке алыну, тепловозға тіркелу және қайтадан «Д» паркіне жеткізу сияқты ұзақ әрі күрделі процесс енді қажет емес.

ПЧ-54 мекемесінің бас инженері әрі жобаның жүзеге асуына жетекшілік еткен Думан Додабаевтың айтуынша, жаңа жол вагон сұрыптау жұмысының технологиялық тізбегін толық оңтайландырып отыр.

– Бұрын пойыз станцияны аралап, қосымша маневрлер жасайтын. Бұл уақытты да, адам күшін де көп талап ететін. Вагондардың жылжып кетпеуіне байланысты башмак қою, оларды қайта жинау, вагон қараушылардың жұмысы – барлығы үлкен міндет еді. Ал енді пойыздар осы жол арқылы бірден «Д» паркінің сұрыптау дөңесіне кіріп келеді де, сол жерде дереу таратылып, тиісті пойыздар құрастырылады. Бұл – қызметтің тиімділігін арттырған озық технология, – дейді бас инженер.

1993 жылдан бері қолданылмай, қараусыз қалған бұл жол биыл толық қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары Шымкент-Арыс-2  жолының 1-шақырымының 2-пикетінен бастап, 3-шақырымның 8-пикетіне дейінгі 2353 метр аралықты қамтыды.

Техникалық талаптарға сай болуы үшін учаскеге екі жиынтық бағыттағыш бұрма орнатылып, пойыздардың бір жолдан екінші жолға қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілді. Ағаш шпалдар мен тозған рельстер, қиыршықтасы да толықтай алынып, жол түбегейлі қайта салынды. Айта кетейік, бір айға созылған құрылыс жұмыстарына өңірдің 100-ден астам теміржолшысы тартылды.

Жаңартылған бағытпен алғаш рет 57 вагоннан құралған 2057-ші пойыз жүріп өтті. Жаңадан іске қосылған «Серпантин» жолы пойыздарды тез әрі қауіпсіз сұрыптауды қамтамасыз етіп, Арыс торабындағы тасымалдау процесінің тиімділігін айтарлықтай арттырмақ.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті