ҚТЖ-ның кадр саясатына жауаптылар заманауи маман даярлау тетіктерін пысықтады

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ кадр саясатының 2021 жылғы жұмысы қорытындыланды. Жиынға басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және НR жөніндегі орынбасары Серік Кеулімжаев төрағалық етті. Отырыста компанияның кадр саясатына қатысты 10 тақырып аясында баяндамалар тыңдалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Отырыста HR Бизнес-әріптестік, еңбек өнімділігі, персонал іздеу және іріктеу, персоналды оқыту және дамыту, қызметкерлер қызметін бағалау, еңбекақы және әлеуметтік төлемдер, кадрлық әкімшіліктендіру, әлеуметтік тұрақтылық, корпоративтік мәдениет, ішкі коммуникациялар, еңбекті нормалау мәселелері жеке-жеке қарастырылды. Компанияда былтыр еңбек өнімділігі 10 пайыз артқан, коронавирусқа қарсы екпені теміржолшылардың 95 пайызы алған, әкімшілік персонал 15 пайызға қысқарған, 8021 адам түрлі кәсіби дамыту және тұлғалық-іскерлік құзыреттілікті дамыту бағдарламалары бойынша білім алған, 3000 қызметкер Игілік (Благо) даму бағдарламасына тартылған. 24 адам ішкі тренер сертификатына ие болған.

450 адам «Topzhargan: жаңа күш» даму бағдарламасы аясында оқытылған. 803 теміржолшы аттестациядан өткен. 393 маман кадрлық резервке енгізілген, соның ішінде 63-і ротация алған. Сонымен қатар былтыр компания қызметкерлерінің жалақысы бір жылда 2 рет өсті. 894 адам зейнетке ерте шығу бағдарламасын пайдаланған. 30 қызметкерге «Құрметті теміржолшы» төсбелгісі берілген. Осы және өзге де жетістіктер туралы компанияның персоналды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева, Адами ресурстарды басқару департаментінің НR бизнес серіктесі Ақмарал Байғабылова және басқа да жауапты мамандар баяндады.

– Жасалып жатқан жұмыстардың бәрі әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған. Себебі бізде жалақы кадр тұрақтылығын ұстауда айтарлықтай үлкен емес. Сондықтан қызметкерді жұмысқа ынталандыратындай әлеуметтік орта қалыптастыруымыз керек. Өкінішке қарай, жергілікті жерлердегі желілік басшылық қызметтегілер сондай ахуалды жасай алмай отыр. Оның ішінде өз қарамағындағы қызметкерге дөрекі сөйлеу, жұмыс жағдайын жасамау бойынша анықталған мысалдар көп. Қазіргі өткізіліп жатқан оқыту тренингтері мен жобалары, бағдарламаларының бәрі сол басшылық пен қызметкерлердің корпоративтік мәдениетін көтеруді көздейді, – деді С.Кеулімжаев.

Биыл 10 ақпанда барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша жұмыс қорытындысын тыңдау мақсатында тағы да басқосу өткізіледі деп күтілуде.

– Ол кезде еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштері, яғни нақты жұмысшылар саны, орташа еңбек жалақысы, еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, биыл қызметкерлерді оңтайландыру жоспарлары, әлеуметтік тұрақтылықты бақылау жұмыстары, НR функциялардың әрі қарай дамуы, өнімділікті бағалау, таланттарды басқару және тағы да басқа мәселелер көтеріледі, – деді А.Байғабылова.


Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті