Халықаралық сауда жолдары қиылысында Каспий порттары қалай дамуда

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтау теңіз сауда порты мен Құрық портына ақпараттық баспасөз турын ұйымдастырды. 

Каспий теңіз порттары Қытай, Қазақстан, Каспий теңізінің акваториясы, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Қара теңіз арқылы бұдан әрі Еуропа елдеріне өтетін Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) негізгі буындарының бірі болып табылады. 

Ақтау теңіз порты өңірде мұнай, металл, астықты ауыстырып тиеуде стратегиялық рөл атқарады. Айлақ 12 миллион тоннаға жуық түрлі жүктерді өңдеуге, оның ішінде 7,5 миллион тоннаға дейін мұнайды жөнелтуге қабілетті. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында порт арқылы 2,3 млн тонна жүк ауыстырылып тиелсе, оның ішінде 1,8 млн тонна мұнай, 118 мың тонна астық, 112 мың тонна металл бар. Мұнай ауыстырып тиеу көлемі 63%, металл – екі есеге өсті.

Ақтау портында жылдық қуаттылығы 7,5 млн тонна болатын үш мұнай айлағы, басты, тарно-даналық және габаритті емес жүктерді өңдеуге арналған үш әмбебап құрғақ жүк айлағы, астықты қайта тиеуге арналған айлақ және паром айлағы жұмыс істейді.

2025 жылға қарай теңіз порты аумағында контейнерлік хаб пайдалануға беріледі. Жоба контейнерлерді ауыстырып тиеу бойынша қызметтердің толық спектрін көрсетуге (жылына 300 мың ЖФЭ дейін) мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрғақ жүк айлақтарының қуатын арттыру үшін бірқатар шаралар қабылданатын болады. №3 айлақты ұзарту, түбін тереңдету жұмыстарын жүргізе отырып, № 9, 10 мұнай құю айлақтарын және №12 айлақты реконструкциялау жоспарлануда.

Ақтау порты Еуропалық теңіз порттары ұйымынан порттарды экологиялық сараптау жүйесінің сертификатын және «EcoPort» мәртебесін алған Қазақстандағы алғашқы порт болды. Сертификат еуропалық порттармен өзара қарым-қатынасты кеңейтуге мүмкіндік береді және порттардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуды, сондай-ақ Каспий өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсартуды ынталандырады.

Құрық порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың деңгейіне қарағанда 18% өсіп, 1 млн тоннадан асты. Порт арқылы мұнай, металдар, химиялық өнімдер, астық, көмір, тыңайтқыштар экспортталады. Керісінше азық-түлік, өнеркәсіптік жабдықтары, құрылыс материалдары және басқа да жүктер импортталады. Порт арқылы әртүрлі жабдықтар, электроника, тоқыма бұйымдары, химия өнеркәсібі өнімдері, металл бұйымдары және т.б. транзитпен өтеді.

Портта төрт айлақ жұмыс істейді: екі теміржол және екі автомобиль. 2-ші іске қосудың паромдық кешен құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін қуаттылығы жылына 1 млн тонна, біржолғы 25 мың тонна дәнді дақылдар сақталатын астық терминалын пайдалануға беру жоспарлануда. Терминал Қазақстан – Иран/Кавказ өңірі елдері бағыты бойынша және одан әрі үшінші елдерге дәнді дақылдар экспортының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Порт инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 2025 жылға қарай Құрық портында астық және әмбебап терминалдарды, құю және бас жүк терминалдарын, сондай-ақ көлік-логистикалық орталықты қамтитын «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын салу жоспарлануда.

2023 жылы теңіз айлағы Каспий аймағындағы «жасыл» порт (EcoPorts) мәртебесін және ESPO экологиялық параметрлеріне сәйкес келетін порттар мен порт терминалдары үшін EcoPort экологиялық менеджмент жүйесінің сертификатын алды.

Сертификат Қазақстан, Түрікменстан және Әзірбайжан порттары арасында ақпарат алмасуды жеңілдету, сондай-ақ Еуропаның ірі порттарының көлік жүйесіне кірігу үшін цифрлық платформа құруды көздейді.

Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?