Астанада «Кәсіподақ жетекшілері» атты оқу форумы өтті (Фото)

Басты жаңалықтар
20.02.2024, 10:36
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елорда төрінде «Кәсіподақ жетекшілері» атты үш күндік оқу форумы өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 100 астам кәсіподақ жетекшілері қатысты. Ауқымды іс-шараны «Қазкөліккәсіп» ҚБ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

Үш күндік форумда кәсіподақ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында тақырыптық шеберлік сабақтары мен панельдік сессиялар, дәрістер, тренингтер, пікір алмасу жиындары өткізілді. Жалпы, бұл жолы форумда бас қосқандар – кәсіподақтың іргетасын құрайтын бастауыш ұйым төрағалары. Олардың көпшілігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мен Магистральдық желі дирекциясының құрылымдық бөлімшелерінде бастауыш ұйымдар жұмысын жүргізетін, негізгі қызметінен босатылмаған төрағалар болып табылады.

  

Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы іс-шараны өткізу алаңы болды. Кәсіподақ көшбасшылары тиімді коммуникацияларды, жанжалдар мен тиімділікті басқаруды, стреске төзімділікті үйренді, еліміздің еңбек заңнамасындағы, әлеуметтік кодекстегі өзгерістерді, сондай-ақ жаңа Ұжымдық шарттың нормаларын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, т.б. талқылады.  

Форумның үшінші күнінде биыл қабылданған жаңа Ұжымдық шарттағы өзгерістер талқыланды. Сонымен қатар «Әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы кәсіподақ бірлестіктерінің рөлі» тақырыбында панельдік сессия өтті. Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева қатысушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру, бизнес-компетенциясын дамыту бағытында тренинг өткізді. 100- ден астам қатысушыны 4 топқа бөлген ол ҚТЖ-ның 3 жетістігі мен 3 мәселесі деген тақырыпта топтық тапсырма беріп, олардың осы бағытта ойлары мен ұсыныстарын айтуын сұрады.  

– Біз жұмысымызға тікелей қатысы бар көптеген пайдалы ақпарат алдық. Кәсіподақ жетекшілерінің негізгі міндеті – жұмысшылардың құқықтарын қорғау, жұмысшылар мен кәсіпорын басшылығы арасында байланыс орнату болғандықтан біз ұжымдағы ахуалға компаниямен бірдей жауаптымыз, – деп ой бөлісті Құсмұрын электрмен жабдықтау дистанциясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Руслан Шарипов.  

Ол ұйымдастырушыларға форум жұмысының стандартты емес форматы, тығыз бағдарламасы, білім багажын толықтыру, басқа өңірлерден келген әріптестермен танысу, түрлі мәселелер бойынша пікір алмасу, байланыстарды нығайту мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.  

Форумның жабылу салтанатына Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Ілияс Ерназаров қатысып, кәсіподақтың әрбір кәсіпорын өміріндегі рөлі мен маңызы туралы ойларын ортаға салды.  

– ҚТЖ – Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі. Оның 120 жылдық тарихы бар. Алғаш рет теміржол кәсіподағы осыдан 119 жыл бұрын бұрынғы Перовск, қазіргі Қызылорда станциясында құрылған, яғни сала кәсіподағына да келесі жылы 120 жыл толады. Қазіргі таңда кәсіподаққа 100 мыңнан астам теміржол қызметкері мүше. Компанияның барлық құрылым бөлімшелерінің өңірлердегі филиалдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді, – деді өз сөзінде О. Ахметбаев.  

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға «Еңбек заңнамасындағы өзгерістер. Жаңа әлеуметтік кодекс», «Мінез-құлық кодексі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Кикілжіңді басқару. Келіссөздер жүргізу шеберлігі», «Күйзеліске төзімділік», «Тиімді коммуникациялар», «Тиімділікті басқару» тақырыптарында тренингтерге қатысқаны үшін арнайы Сертификат тапсырылды.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды