ҚТЖ заңгерлері Локомотив құрастыру зауытын аралап көрді

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарының бір топ заңгерлері Локомотив құрастыру зауытына барып, машина жасау өндірісімен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Ілияс Ерназаровтың айтуынша, тапсырыс қабылдайтын компаниялармен арадағы келісімшарттарға құқықтық сараптама жасайтын заңгерлер үшін бұл кездесудің маңызы зор.

– Қоғамда өз еліміздің кәсіпорындары не шығарады, неге отандық тауар өндірушілер жұмысы алға баспайды деген сыңайдағы түрлі пікір бар. Біз бүгін зауыт жұмысымен танысып қана қоймай, қазақстандық локомотивтерге шетелден сұраныстың жоғары екеніне көз жеткіздік, оның үстіне осы зауытпен келісімшарттарға құқықтық сараптама жасаған кезде туындайтын көптеген сұрақтарға жауап алдық, зауыт цехтарын аралап, тепловоз жасау процесін өз көзімізбен көрдік. Бұл бізге қызықты экскурсия ғана емес, жұмысымызға қажет мол тәжірибе болды, – дейді І.Ерназаров.
«ЛКЗ» АҚ сату бөлімінің бастығы Рауан Дөнсебаевтың айтуынша, биыл ашылғанына 13 жыл толған зауытта осы аралықта барлығы 419 локомотив жасап шығарылған. Оның екеуі – маневрлік, 41 – жолаушы локомотиві, қалғаны – жүк тепловоздары.

– Негізгі тапсырыс берушіміз – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС. Біздің бірінші мақсатымыз да ең алдымен ҚТЖ-ны локомотивпен қамтамасыз ету. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 100 тепловоз. Сонша тепловоз шығару үшін мыңнан астам жұмысшы керек, бізде қазір 700-ге жуық адам еңбек етуде. Тапсырысқа орай былтыр 25 жүк, 18 жолаушылар тепловозын жасап шығардық, – дейді Р.Дөнсебаев.

Зауыт 2010 жылдан бері Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Молдова, Украина және Түркіменстан елдеріне 36 тепловозды экспортқа шығарған. Қазіргі таңда Моңғолия, Эстония елінен тепловозға сұраныс түсуде. Қазақстандық тепловоздардың артықшылығы – оның сервистік қызметінде екен, яғни сервистік қызмет көрсету мерзімі 120 күннен 184 күнге дейін созылады, бұл тепловоздарға бір рет техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін 3 ай тоқтамай жұмыс істей береді, шығын аз кетеді. Дизель отыны да басқаларға қарағанда 15 пайыз аз жұмсалады. Негізгі бөлшектері – дизель моторы, компьютерлік аппаратурасы және тартымдық электр қозғалтқышы АҚШ пен Еуропадан сатып алынады, қалғаны қазақстандық зауыттардан алынады және өндіріс орнының өзінде жасалады.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады