«Huawei» компаниясымен келісім жасалды

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 14 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзинпиннің Қазақстанға сапары – екі ел ынтымақтастығының ерекше стратегиялық мәртебесі мен келешегінің тағы бір жарқын көрінісі болды. Қазақ-қытай қатынастарының қазіргі көлік-логистика саласындағы жоғары деңгейі, көршілес елдердің ірі корпорациялары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету үшін қажетті алғышарт болып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Huawei Technologies Kazakhstan» ЖШС ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, үлкен деректер, интернет дүниелері және жасанды интеллект сияқты инновациялық технологияларды әзірлеудегі бірлескен жұмысты ілгерілету мақсатында өзара іс-қимылды көздейтін Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ұзақмерзімді стратегиялық келісім нәтижелеріне таяудағы бес жылда қол жеткізу жоспарланып отыр.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі деңгейіне, тасымалдау кезінде ұсынылатын қызметтер сапасына, транзиттен өту режиміне және теміржол тасымалы жүйелерінің біріктірілген жұмысына әсер ететін озық цифрлық технологияларды енгізу мен дамытуға ерекше назар аударып келеді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ алға тартқан деректерге сүйенсек, компаниялар арасындағы ынтымақтастық әлеуеті технологиялық процестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан темір жолдарында заманауи инновациялық технологияларды бейімдеуге, сондай-ақ қызметтер сапасының ең жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуынша, деректерді беру желісін жаңғырту және озық технологияларды қолдану есебінен қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін, тасымалдау процесінің тиімділігін және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік тумақ. ҚТЖ мен Huawei қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін қазақстандық компаниялармен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында белсенді ынтымақтасуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта енгізілетін озық технологияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге ниетті.  

– Теміржолдың жұмыс процестеріне коммуникациялық технологияларды интеграциялау өндірістік мүмкіндіктерді сапалы жақсартуға, клиентке бағдарлануды арттыруға және барынша пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan Бас директоры Макс Чжао Сюй.  

Оның айтуынша, Huawei компаниясы ҚТЖ-ның цифрлық трансформациясын қолдауға қашан да дайын.  

«Қазақстан темір жолында цифрлық трансформациялауды жүзеге асыруға қолұшын созуға дайынбыз. Біз осы бағытта, заманауи бейімділіктегі және икемділіктегі зияткерлік жоғары технологиялық шешімдерді ұсынамыз. Бұл шешімдер қауіпсіз, ақылды және тиімді теміржол көлігі жүйелерін құру үшін бұлтты қызметтер мен байланыс қызметтерін ұсынады», – деді ол.  

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды