ҚТЖ жастарының ХІ Республикалық форумы басталды

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-ның дарынды да қабілетті жастарының басын қосқан ХІ Республикалық форум шымылдығын түрді. Дәстүрлі форумға темір жолда еңбек ететін 250 астам жас жиналып, алдағы үш күнде білім жетілдіріп, біліктілігін сынға салатын болады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар арасынан компания қызметінің тиімділігін арттыруға арналған 11 жобаға арнайы стенд жасалып, оны жоба авторлары форум ашылар алдында ҚТЖ басшыларына таныстырды. Мәжіліс залында форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбек қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов ҚТЖ жастарының жетістігін жоғары бағалады.  

– Жалпы «Самұрық-Қазына» АҚ тобында 80 мыңнан астам жастар жұмыс істейді. Соның ішінде «Қазақстан темір жолы» компаниясында 35 мыңнан астам жас маман еңбек етуде. Компанияда жастар саясаты 2010 жылдан бастап жүзеге асырылады. Жас мамандар әртүрлі бағыттарда өз ойларын іске асырып, жұмыс тиімділігін арттыруда жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Мәселен, «ҚТЖ-100 жас есім» жобасы бойынша 66 жас маман қызметте көтерілді. 21 жас компанияның ішкі жаттықтырушыларына айналды. Корпоративтік волонтерлік бойынша 2020 жылдан бастап ҚТЖ жастары 5 мыңнан астам акциялар мен іс-шараларды өткізді, – деді Ғ.Ауғанов.  

Жастар құрылтайының ашылуымен құттықтап сәттілік тілеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысы Серік Кеулімжаевтың айтуынша, ұлттық компания жас буынды дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды алдағы уақытта да жалғастыра береді.  

Жастар саясаты жүргізіліп келе жатқан 12 жылда ҚТЖ-да 60 мыңнан астам жас теміржолшылар кәсіби және жеке дамуға бағытталған іс-шараларға қатысқан. Осы аралықта 2 мыңнан астам жас маман компанияның «Сен болмасаң, кім?» жастар корпоративтік лагеріне қатысып, түрлі марафондарда салауатты өмір салтын сақтау және насихаттауда үлгі көрсетіп келеді. ҚТЖ-ның Көңілді тапқырлар құрама командалары тек компания көлемінде ғана емес, елімізде танымалдығы артқан. Осы аралықта 500-ге жуық жас теміржолшылар «Жас үздік маман» байқауында бақ сынап, «Жоба менеджменті» сайысына 7 мыңнан астам жас маман қатысып, басқару машықтарын үйренген.  

Топ-менеджерлермен панельді пікір-сайыстан соң жастар қазақстандық танымал продюсер Азат Әбікенмен кездесті. Сондай-ақ сарапшы Лариса Чистоедова жастарға «Ресурстылықты басқару» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Ал кешкісін «Өңірлер визиткасы» таныстыру бағдарламасында әр аймақтан келген жастар өздерін таныстырды.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады