Теміржолшы студенттер ҚТЖ музейінде болды

Жаңалықтар
29.12.2022, 10:33
Оқуға 1 мин
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Жаңа жыл қарсаңында және Балалар жылы аясында студент-теміржолшыларға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның орталық музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Осылайша Астана қаласының Көлік және коммуникация жоғары колледжінің 40 астам студенті танымдық экскурсияда болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Экскурсия барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның музей қызметі жөніндегі менеджері Ақмарал Молдашева болашақ теміржолшыларды көлік саласы мен тұтастай алғанда ел қалыптасуының әртүрлі кезеңдерімен, өткен жылдардағы теміржолшылар пайдаланған бірегей аспаптар мен техникалармен таныстырды.

- Маған бұл мұражай, оның ауаны қатты ұнады. Астанадағы «Нұрлы жол» жаңа вокзалының, 100 жылдан асқан темір жолдың әр түрлі экспонаттарын, әр  жылдардағы теміржолшылардың киген киімін, алғашқы паровоздардың, тепловоздар мен электровоздардың макеттерін өз қолыммен ұстап көрдім. Әсіресе мына көне телефондарды, баспа машинкаларын тамашлау өте әсерлі. Бұрын ақпарат жеткізу қаншалықты қиын болғаны таңқаларлық, - деп өз ойымен бөлісті студент Аяулым Орынбасар.

Экскурсия соңында балалар мұражай қонақтары кітабына өз ой пікірлерін қалдырды. Студенттер ұйымдастырушыларға «Қазкөліккәсіп» салалық кәсіподағының қызықты және танымдық бағдарламасы мен естелік сыйлықтары үшін алғыс білдірді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды