ҚТЖ-да жыл қорытындысы шығарылды

Жаңалықтар / Апта саны
19.01.2023, 10:47
Оқуға 2 мин
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Геосаяси жағдайдың күрделенуіне, 2022 жылы дәстүрлі жеткізу тізбегінің өзгеруіне қарамастан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің оң серпінін қамтамасыз етті.

Пайдалану жүк айналымы 252 млрд. ткм құраса, бұл 2021 жылғы деңгейден 5,3%-ке артық. Бұл Қазақстан тәуелсіздігі жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, ҚР мен ҚХР арасындағы тасымалдар көлемінің тарихи максимумы – 23 млн.тоннадан асты (2021 жылмен салыстырғанда 15%-ке артық) орын алды. Контейнерлік транзит өткен жылмен салыстырғанда 6,0% - ға ұлғайып, 1 129 мың ЖФБ құрады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 14 млн. астам жолаушы тасымалданса, бұл алдыңғысына қарағанда 21,4% артық. Жолаушылар айналымы 29,7% артып, 12 353 млн. жолаушы- км. құрады.

14 жұп халықаралық пойыздың жүрісі қайта басталды. «Астана – Жезқазған» және «Алматы-2 – Жезқазған», «Астана – Қостанай» жолаушылар пойыздары іске қосылды. «Қонаев-Алматы» қатынасымен қала маңындағы пойыз тағайындалды.

Жылжымалы құрам паркін жаңарту, инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді. Stadler технологиясы бойынша 537 жолаушылар вагонын сатып алуға келісімшарт жасалды. «ALSTOM Transport SA» компаниясымен 245 электровозды жеткізу келісіміне қол қойылды. Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды.

Компанияның қаржылық нәтижесіне Үкімет пен «Самұрық-Қазына» АҚ қабылдаған қарыздарды қайта қаржыландыру және өтеу жөніндегі шешімдер оң әсер етті. ҚТЖ міндеттемелерінің «тұрақты» валютадағы үлесі 2019 жылғы 57% -тен 2022 жылы 30% -ке дейін төмендеді.

2021 жылмен салыстырғанда қызметкерлердің жалақысы 40% өсті.

Компанияға «Moody' s ESG Solutions» рейтингтік агенттігі А2 деңгейіндегі ESG жоғары рейтингін берді.

Сонымен қатар, жылдан жылға жылжымалы құрам мен теміржол инфрақұрылымының тозуы артып келеді. Бүгінгі таңда инфрақұрылым өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеуде, бұл тасымалдардың одан әрі өсуіне теріс әсер етеді. Жыл сайын орта есеппен 450-500 км темір жолға күрделі жөндеу, сондай-ақ ағымдағы ұстап тұру жұмыстары жүргізіледі. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін учаскелерде қозғалыс жылдамдығына шектеулер енгізілсе, бұл пойыздардың кешігуіне әкеледі. Компания жол бойында тоқтап тұрған пойыздардың санын азайту және отын-энергетикалық кешен кәсіпорындары үшін құрамдар қозғалысын жеделдету бойынша ұйымдастырушылық және технологиялық шаралар қабылдауда. Активтерді жаңарту мәселесін шешу үшін реттелетін тарифтің деңгейін қайта қарау бойынша уәкілетті органдармен жұмыс жүргізілуде.

Мемлекет басшысының ҚТЖ-ны транзиттік-логистикалық компанияға айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде тиісті жол картасы әзірленді. Сыртқы логистикалық нарықтарға шығуға қажетті ҚТЖ құзыреттерін күшейту жоспарлануда. Инфрақұрылымның өткізу қабілетін тежейтін учаскелерді болдырмас үшін күн тәртібінде – ірі жобаларды іске асыру (Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту, Дарбаза-Мақтаарал желісін, Алматы қаласын айналып өтетін айналма жолды және Бақты–Аягөз шекара өткелін салу).

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды