2026 жылдың қазан айында ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркі 14 жаңа локомотивпен, оның ішінде магистральдық электровоздармен, тепловоздармен және маневрлік техникамен толықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«Электровоз құрастыру зауыты» АҚ (ЭҚЗ) өндірген үш жаңа электровоз елордалық депоға келіп түсті. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ (ЛҚЗ) өндірген екі магистральдық тепловоз Аягөз локомотив пайдалану депосына, тағы төртеуі Есіл депосына бөлінді. Сонымен қатар, CRRC шығарған бес маневрлік тепловоз Қарағанды және Астана деполарына жөнелтілді.
Тартқыш жылжымалы құрамды жаңарту тасымалдау процесінің сенімділігін арттыруға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және локомотив паркінің пайдалану сипаттамаларын жақсартуға бағытталған. Қазіргі заманғы локомотивтер тасымалдау жұмысының тиімділігін арттыруға, пайдалану шығындарын азайтуға және локомотив бригадалары үшін неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.