Бәрі кестеге сай, ережеге сай...
Пойыз қабылдаушылар жүк вагондарын қабылдап-жөнелтуден бөлек, әр вагондағы жүктің тиелуін тексереді. Өйткені, әр жүктің тиелуінің өз тәртібі мен ережесі бар.
Түркістан станциясына келген жүк вагондарындағы коммерциялық ақауларды тексеретін аға пойыз қабылдаушы Мақсұт Тамабаевтың айтуынша, олар көбіне ашық вагонға тиелген ағаш, жеңіл көлік, жиһаз сынды жүктердің тиелу тәртібін қарап шығады. Байланған жібі ажырап, оралған сымы үзілген үлкен заттар болса, уақытында қалпына келтіреді немесе вагонды ажыратып, толықтай ретке келтіреді.
– Көбіне вагонның пломбасы үзіліп келгендіктен, ол да құжатқа тіркеледі. Жеңіл ақауды құрамнан ағытпастан тұрған жерінде қалпына келтіреміз. Егер жүк вагоны ақауымен келсе, алдын ала телеграмма жіберіледі. Мәселен, көбіне Ресейден, еліміздің солтүстігінен ағаштар тасымалданады. Ағашты ораған сымның үзіліп, орнынан қозғалғанын көрсек, ретке келтіреміз. Сосын құжатына дейін жылжығанын растап жөнелтеміз. Жабық вагонда пломбаның бүлінуі, төбесінде люктің ашылып кетуі немесе едені тесіліп қалуы, болмаса есігі жылжып кетуі мүмкін. Осының бәрі ақауға жатады. Ұсақ-түйек ақау болса, құрамды ажыратпай қалпына келтіреміз. Ал күрделі ақау кезінде маневр диспетчері мен станция кезекшісіне хабарлаған соң, олар ол вагонды бос жолға қояды. Сосын ақаудың не себепті орын алғанын анықтау үшін станция бастығы мен орынбасары, бригадир т.б. жауапты адамдар тексереді. Бір құрамдағы вагонның оншақтысы Түркістаннан ағытылады. Салмағы азайып, ұзындығы кеміген құрамды бізден тиелген ұн, темір бетон, қиыршық тас, трансформатор сынды жүктермен толықтырып жөнелтеміз, - дейді бұл салада он бес жыл тәжірибе жинаған Мақсұт.
Келген жүк пойыздарын уақытылы тексеріп шығып, кестеден кешіктірмей жөнелту үшін де шапшаңдық керек. Сыртта жігіттер пойыздың ақауын қараса, іштегі әйел қызметкерлер құжаттарын тексереді. Аға пойыз қабылдаушыдан білгеніміздей, алғаш жұмысқа кірген жас маман жүк вагондарының түр-түсін жаттап, астық, көмір, мұнай т.т. тиелетін жылжымалы құрамдарды ажырата білу үшін де уақыт керек екен. Қайсысы жартылай немесе жабық вагон, цистерна, астық тасығыш, вагонның коды қандай, қай елдікі екеніне дейін оқытылады екен.
–Тәулігіне 12-13 пойыз келсе, бір пойызды екі пойыз қабылдаушы, 4 күзетші қарайды. Пойыз азайғанда үшеуден шығады. Қауіпті жіберіп қойсақ, вагонды қандай жағдайда көргеніміз бойынша түсініктеме жазамыз. Егер жібермеуге тиіс ақау болса, станция бастығынан сөгіс аламыз. Тіпті үлкен ақауды байқамасақ, бөлімшеге шақыртып үлкен талқы болады, кімнің кінәлі екені анықталады, нәтижесінде кінәлі маман сөгіс алуы мүмкін, - дейді Мақсұт Тамабаев.
Жүк вагондарын қабылдап-жөнелтудің барлық ереже-нұсқауын он-он бес жыл тәжірибесі бар мамандар жаттап алғандықтан, бәрін робат тәрізді автоматты түрде орындайды екен. Оған қоса оның бәрі кеңсенің қабырғасына ілінген, арнайы нұсқаулық кітапша бар. Бірақ аға пойыз қабылдаушының пікірінше қанша жерден тәжірибелі маман болса да жұмысты автоматты түрде үйреншікті дағдымен атқаруға болмайды. Адам – техника, автомат емес қой, сондықтан ол жұмысын оймен, санамен атқаруы керек деп санайды.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды