Оқушылар мен колледж студенттері теміржолшы мамандығымен етене танысты

Жаңалықтар
26.11.2024, 16:32
Суретті түсірген автор

Астана қаласының оқушылары мен колледж студенттері кәсіптік бағдар беру экскурсиясы аясында "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" базасында болып, теміржолшылардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған шара жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауына бағдар беру аясында жүргізіліп отыр. Жиын барысында компанияның адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева жастарға ҚТЖ-ның  барлық құрылымдары жайлы ақпарат беріп, онда қандай мамандық иелері қызмет етіп жатқанын кеңінен баяндап берді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" директорының орынбасары Виктор Отрощенко орталыққа жыл сайын оқушылар мен студенттер келіп, теміржолшы қызметімен етене танысып тұратынын жеткізді.

«Қазір сіздер мамандық таңдау алдында тұрсыздар. Мамандығын қателеспей таңдаған адамдар қызметте жетістікке жетеді, тіптен ол өмірлік жолдарыңызға дұрыс бағыт береді. Сол үшін біз бүгін темір жол саласы сіздерге қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіріп, бұл мамандық үшін қандай білім қажет екенін айтқымыз келеді. Темір жол саласы тек пойыз жүргізу ғана емес, бүтіндей экономикалық жүйе. Онда жүз мыңдаған адам қызмет етіп жатыр. Қазір бізде инновациялық технология дамып, жаңа локомотивтер мен жабдықтар енгізіліп жатыр. Әсіресе сандық технология жоғары қарқынмен енгізілуде. Сондықтан бізге өте сауатты мамандар қажет. Жалпы біздің орталықтан жылына 23 мыңнан астам қызметкер оқудан өтіп, біліктіліктерін арттырып отырады», - дейді В. Отрощенко.

Сондай-ақ жиын барысында темір жол саласында 40 жылдан астам қызмет еткен зейнеткерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ мамандарға жол саласының қыр-сырын баяндап берді. Ал, жастардан "ҚТЖ 100 жас есім" жобасының қатысушысы Саят Мақсұт жетістікке жетудің жолдарымен бөлісіп, қазір жастар үшін қандай әлеуметтік жобалар іске асырылып жатқанын айтып берді.  

«Мен қазір 33 жастамын, соңғы 15 жылдан бері ҚТЖ-да еңбек етіп келемін. Осы аралықта мен кең көлемді жобаларға қатыстым, соның арқасында ҚТЖ-дағы көптеген жұмыс процесін оңтайлы ете білдім. Мәселен, диспетчерлік басқаруда пойыздардың қозғалысын талдауды цифрландырдық. Сондай-ақ отын шығынын есептеуді оңтайландырдық. Оған қоса Е-телеграм қызметін енгізуге атсалыстым. Өзім IT саласының маманы болғаныммен атам темір жолда қызмет еткен жан. Енді оның жолын қуып мен де темір жол саласында еңбектеніп жатырмын», - деді С. Мақсұт.

Жастармен кездесуге Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті, Астанадағы көлік және коммуникация колледжінің өкілдері де келді. Олар оқу ордаларында жастар үшін қандай жағдай жасалғанын, қандай мамандықтар оқытылып жатқаны туралы кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар ҚТЖ өкілдері де компанияға қалай жұмысқа тұруға болатынын және қандай мамандықтарға сұраныс жоғары екені жайлы айтты.  

Келелі жиын мамандық таңдау алдында тұрған жастар үшін өте мағыналы болды десек болады. Өйткені темір жол саласын оқытушылар мен жұмыс берушілер өз тараптарынан толыққанды ақпарат бере білді.  

Дильназ Айдарбекова

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады