Цифрландыру – корпоративтік міндеттер шешімі
Жаңалықтар
03.04.2018, 14:20
Қазақстан теміржолына дендеп енгізіліп жатқан цифрландыру жүйесі мультимодальдық, жолаушылар және жүк тасымалындағы жобаларды, инфрақұрылымдық теміржол нысандарын да қамтып, сонымен бірге корпоративтік міндеттер шешіміне де ықпал етпек. Бұл ұлттық компанияның «Цифрлы темір жол» ақпараттық технологиясын дамыту стратегиясы аясында жүргізілуде.
Ұлттық компания цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізіп отыр, «Цифрлы темір жол» стратегиясы шеңберінде ҚТЖ-ның 26 бастамалық жобасы бар. Соның үшеуі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар бес бағыт қызметіне бағытталған: жолаушылар тасымалы, жүк тасымалы, мультимодальды тасымал, теміржол инфрақұрылымы және корпоративтік міндеттер.
Жақында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының теміржолдағы қызмет түрлеріне енгізілу мәселесі «Қазақстан теміржолы» компаниясында өткен брифингте талқыланған еді. Компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті Арман Нұрышев жолаушылар тасымалының клиентке бағдарлануы туралы атап өте келе, соның айғағы ретінде билет сатылымдарының айқындылығы, яғни, бос орындардың болуын бақылап отыру мүмкіндігі қарастырылып, «Күту парақшасы» қызметі пайда болғанын алға тартты. Оның айтуынша, қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жолаушылардың шағым-тілектерін басқарудың тәуліктік жүйесін енгізу жоспарлануда екен.
– 2018 жыл мен 2020 жылдар аралығында тарифтерді динамикалық басқарудың жүйесін енгізу көзделуде. Бұл арқылы сатып алу мерзімі, тасымалға сұраныс, маусымдылыққа байланысты клиенттерге тиімді тарифтер ұсынылатын болады. Аталған шешім билет сатылымынан түсетін кірісті 3-12 пайызға арттырады, – дейді А.Нұрышев.
Мамандардың айтуынша, цифрландыру секторының басты міндеті транзиттік жүк айналымы көлемін арттыру болып табылады. Қазірдің өзінде транзит бойынша жолдағы уақытты қысқарту теміржолдағы транзиттік жүк айналымын Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропа, Түркия, Иран бағытында айтарлықтай ұлғайтады. Мұндағы ең басты тиімділікке электронды құжат айналымы арқылы қол жеткізілмек, соның ішінде авиатасымал саласында және интеллектуалды көлік жүйесін арттыру арқылы автожүк тасымалын да көбейтуге септік етеді.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚТЖ-ның негізгі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға бағытталған теміржол инфрақұрылымын цифрландыру жобалары жасалды. Жобалар мәліметі бойынша оны жүзеге асырудың жеке жоспары құрылды: атап айтқанда, электронды коммерция, өнеркәсіптік интернет және ауқымды мәліметтер талдауы. Осы үш негізгі ақпараттық технологиялық бағыттар теміржол индустриясын дамытпақ. Өз кезегінде электронды коммерция қатарына мультимодальды тасымал мен цифрлық логистикалық тұғырнама кіреді. Өнеркәсіптік интернет – бұл теміржол бойындағы LTE-R желілерін ұйымдастыру, GE Trip Optimizer, жолды цифрлық диагностикалау желілері. Ал ауқымды мәліметтер талдауы болса, бұл пойыздардың болжалды кестесінің нұсқалық жүйесі, қозғалысты басқару орталығы және SAP.
Мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық компанияда клиенттермен өзара әрекет механизмдерін тиімді басқару, көлік-логистикалық қызметтің өзіндік құнын оңтайландыру, көлік компанияларымен әріптестік, активтерді пайдалану мерзімін ұлғайту секілді міндеттерді орындау жоспарлануда.
Тасымал үдерісін ұйымдастыруда тиімділікті арттыруға бағытталған жүк қозғалысындағы ақпараттық жүйені пайдалану және енгізу туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ біріктірілген жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Владимир Петров баяндады. Оның мәлімдеуінше, компанияның жүк тасымалына енгізіліп жатқан автоматтандырылған жүйе қызметтің ауқымды көлемін қамтиды және тасымалды, станциялардағы жұмысшы орындарын, машинист бағдарының біріктірілген өңделуін, пойыз-вагон айналымы қозғалысын жоспарлау және болжауды жедел басқаруға бағытталған. «ҚТЖ» ҰК-ның жүк шаруашылығында сәтті енгізіліп жатқан жобалардың бірі «Келісім-шарттық және коммерциялық жұмыстар» автоматтандырылған басқару жүйесі болып табылады. Бұл жобамен тасымалды ұйымдастыру, жүзеге асыру, жоспарлауда, жүк тасымалына қатысты қызметтердің электронды төлемі бойынша «бірыңғай электронды терезе» қағидаты қолданылады.
– Жүк жөнелтуші интернетке шыға отырып, осы АСУ ДКР арқылы тасымалды жоспарлап, өз бетінше өтініш толтырып, тасымал құжатын рәсімдей алады және тасымал үшін тарифтің шамалас бағасын есептей алады, – дейді В. Петров.
Бүгінгі таңда аталған жүйеге жиырма мыңнан астам компания клиенттері мен бес мыңнан астам жүк станциялары тіркеліп, осымен жұмыс істеуде. Ал корпоративтік міндеттер шеңберінде тасымал үдерісін тиімді жоспарлау, тасымал бағыттары мен көлемін болжау нақтылығы және сапасын арттыру, жылдық жоспарлау үдерісін жеделдету үшін machine learning элементі арқылы жоспарлаудың біріктірілген жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйе ресурстарды оңтайлы бөлуге, пайдалану, коммерциялық және инвестициялық жоспарлау кезінде тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Райхан РАХМЕТОВА
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл