Теміржол тоғыстырған тағдырлар
Жаңалықтар
06.04.2018, 15:52
Батыстың табиғи байлығы мұнай екені белгілі. Алпысыншы жылдардың басында түбекте «қара алтын» кенінің ашылуына байланысты бірінші кезекте теміржол тарту қажеттігі туындады. 1962 жылдары Бейнеуден Ақтауға қарай бірінші болып «Орта Азия құрылыс механизация» тресінің №30 СМП жол салуды бастап кетті, ал Ақтаудан Бейнеуге қарай құрылысты №66 СМП жүргізе бастады. 1964 жылы 29 маусым күні ұзындығы 404 км құрайтын Бейнеу – Ақтау теміржолы екі жақтан келіп түйісіп, күміс қазығы қағылды.
1966 жылы жолды пайдалануға бергенге дейін мұнай өңдеу зауытына бір жарым миллион тоннадай Жетыбай мен Манғышлақтан 1,5 млн мұнай тасымалданып үлгерді. Ал 1966 жылдың 15 маусымында КСРО жол қатынасы министрлігінің №Г-13731 бұйрығы негізінде ПЧ-72 мекемесі құрылды. Маңғыстау жол дистанциясының бірінші бастығы болып Қошқарбаев Сағынай Қолдасбайұлы тағайындалды. Теміржол Маңғыстау өңірі үшін жаңа кәсіп болғандықтан мекеменің алғашқы қиыншылығы кадр мәселесі болды. Жол шеберлері, жол бапкерлері, қарапайым жол монтерлері жетпеді. Дистанцияның алғашқы кадр бастығы Ерпанов Есберген бірнеше рет Түрікменстанға барып сол жердің теміржолшыларын елге үгіттеп алып келген. Алғашқылар қатарында Зұлхан Сақтағанов, Қылышбек Бабақұлов, Сағынхан Түзелбаев, Азанқұл Байпақов, Дүйсеке Әбілов, Тілеухан Өтебеков, Әділ Аңғарбаев, Мырзағали Қобжанов сынды теміржолшылар түбекке қоныс аударып келген еді. Олардың көбінің білімі 4-7 кластық болса да теміржолдың нағыз майталмандары, нұсқаулық пен ПТЭ-ны жатқа білетін, тек Уставпен сөйлеп, Жарғымен жүретін, үстерінен теміржолшы формасын бір тастамайтын ерекше жандар еді. Теміржолшы қандай болу керек екенін жергілікті халық солардан үйренді. Кейін көбі мемлекеттік түрлі марапатпен марапатталды. Құрметті теміржолшы атанды. .
Заман өзгеріп, түбектен де оқыған теміржолшы инженерлер көптеп шыға бастады. Ташкент теміржол институтына 1968-1972 жылдары Маңғыстаудан бірталай бала түсіп, теміржолшы мамандығын алып шықты. Соның бірі мен өзім. Жарты ғасыр еңбек еткен теміржолда мен талай адамдармен дәмдес-тұздас болып, талай тағдырларға куә болдым. Солардың бірі – бүгінгі әңгімеме арқау болғалы отырған Бөлекбай Зекешұлы Жуминов.
Теміржолға орта буын мамандар дайындауда Ақтөбе теміржол техникумының үлесі зор болды. Бұл техникумды 1992-2003 жылдар аралығында Бөлекбай Зекешұлы басқарды. Ол кезде мен де Маңғыстау жол дистанциясын басқарамын. Бірде мен Бөкеңе телефон шалып дистанцияда білдей жол шебері, жол бапкерлерінің дипломы жоқ, тәжірибесі болғанмен теориялық білімі жоқтығын айтып Маңғыстауға шақырдым. Бөлекбай Зекешұлы көп күттірмей келді, 3 күн станциялар мен бекеттерде жиналыс жасап, жұмысшыларды оқып білім алуға үгіттедік. Сауатты да салиқалы, кішіпейіл азамат Бөлекбай Зекешұлы «самоучка» болғаннан теориялық білім алып тәжірибе жинағанның өрісі кең болатынын нақты мысалдармен түсіндіріп, көпшілікті білім алуға, балаларын оқытуға шақырды. Нәтижесінде сол жылы Атырау теміржол техникумына теміржолшылардың 3 баласы, ал менің 16 жолшым сырттай оқуға түсті. Бұл тек бір жылғысы, әрі қарай теміржолшылар жаппай техникумда оқи бастады. Тек біздің жолшылар ма, ТЧ, ДС, ШЧ, ЭЧ, ВЧД жұмысшылары да техникумға түсіп арнаулы мамандық алып, білім алуды дәстүрге айналдырғандай еді. Техникум бізге сол жылдары қаншама бригадирлер, дрезина жүргізушілерін, ақаутапқыш арбасының операторларын дайындап берді. Техникуммен тығыз байланыста болдық. Ол бізге Ташкент пен Алматы теміржол институтынан кейінгі ең мықты оқу орны болды. Ақтөбе техникумын бітірген Сәуірбек Отаров жол монтері, жол бапкері, жол шебері болды, Құрметті теміржолшы. Ал Табылды Әміров Үстірт, Сайөтес, Шетпе станцияларын, кейін Маңғыстау бөлімшесін басқарды, Құрметті теміржолшы, «Құрмет» орденінің иегері, облыс мәслихатының депутаты болды.
2003 жылдары жазғы бақылауды қорытындылап үлкен кеңес жасап отырғанымызда жол шебері, жол бапкерлері жолөлшегіштің көрсеткен кемшіліктерімен жұмыс істейтінін айтты, әрине ол негізгі жұмыс, бірақ күнделікті істейтін жұмыстар, түйіспелі жапсырма сынақтары, рельс төсемі сынықтары тозған шпалдар дер кезінде ауыстырылмай жатыр, жол белгілерін сырлау, жаңарту, т.т толып жатқан ұсақ-түйек тағы бар. Темір жолдың айналасын қоқыстан, шөптен тазарту т.б. жұмыстар дер кезінде жасалмай отыр деп менің орынбасарым Өтеш Жумагазиев дабыл қақты. Жұмысшылар жол өлшегіштің бағасымен сыйақы ақша алады, олардың күнделікті жұмысқа ынтасы жоқ деген пікірлер де айтылды. Енді не істеу керек деген сұрақ туды, сонда нормалаушы болып істейтін инженер Едіге Сакипов мердігерлік әдісті енгізу керек, барлық жұмысқа балл есептелініп, сыйақы тиісті істеген жұмысы арқылы төлейміз деген ой салды. Мекеменің үлкен жиналысында ол құпталып, ереже жобасы бекітілді. Ол өзінің оң нәтижесін берді, жарты жылдың ішінде теміржолды тексергенде ұтқанымыз көп екеніне көз жеткіздік. Біздің мердігерлік әдісіміз Батыс Қазақстан теміржолы бастығының орынбасары Борис Александрович Есенамановқа жеткен екен, ол біздің дистанцияға барлық жол дистанцияларының бастықтарын, инженерлерін, экономистерін, нормировщиктерін жинап үлкен тәжірибе мектебін ұйымдастырды. Осы шараға сол жылы өндіріске ауысып, жол шаруашылығының бір басқармасын басқаратын Бөлекбай Зекешұлы да келді. Біздің мердігерлік әдісіміз басшылыққа қатты ұнады. Бірініші күні мердігерлік әдістеменің ережесін, қойылатын балл шкаласын талқылап, пікір алмастық. Көптеген жол дистанцияларынан орынды ұсыныс пікірлер туды. Мердігерлік әдісті барлық ПЧ құптады. «Маңғыстаулық мердігерлік әдіс» деген атақ берілді. Екінші күні околоткаларда болып, қалай мердігерлік әдісті енгізіп жатқанымен таныстырдық.
Бөлекбай Зекешұлы бастаған топқа озық тәжірибелі мектептің кешеден бергі жұмысына хаттама жасап, Батыс Қазақстан теміржолы бойынша енгізуге бұйрық дайындау және айтылған ұсыныстарды ескеріп, әдістемені толтыру тапсырылды. Ертесінде қорытынды жасалып, мердігерлік әдістеменің авторларына сый-құрмет жасалып, грамота, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
2006 жылдың көктемі еді. Маңғыстаудың қатал табиғатының бір қыры иірім-иірім сусыма құмдары теміржолды басып қалатынын бәрі біледі. 2004-2006 жылдары жаңбыр болмай, жер құлазыған құм көшіп, әсіресе №10 бекеттің екі жағы, №13, №14 пен №15 бекеттің ортасы, №15 бекеттің маңы, Емір тұсында, Жетібайдың басын құм басып қалды. Жолшылар құм тазалаудан қолы босамады, негізгі жұмыс қалды. Осы мәселені Батыс Қазақстан теміржолының жол шаруашылығы басшысы Болат Еділұлы Исағалиевке баяндадым.
Бір күні Бөлекбай Зекешұлы келіп тұр. Ол онда ПЧЛ-да жауапты маман еді. Біздер құм басып жатқан жерлерді аралап, жұмыстың көлемін анықтадық. Не істейміз деп ақылдастық. Мен Ташкент теміржол институтында Закиров деген профессор Ганюшкино жерінде құмды мазутпен, мұнайдың қалдығымен тоқтатқанын айтып едім, Бөлекең «бізде мазут та, мұнайдың қалдығы да жоқ төгетін, бар болғанда оны құмға төксек, ана жүрген түйелер аунап үстін қара май қылады. Мал иелерінің сөгісіне қаламыз» деп басқа жолын қарастыруға ақыл қосты. Сосын өзінің ойын айтып, құм көшкінін тоқтату үшін жыңғыл отырғызу, ақ тікен егу, қамыстан тоқылған бөгет клетка жасап отырғызу жөнінде ұсыныс айтты. Қай жерге не істейтінімізді жоспарлап алып жұмысқа кірістік. Сол жылдың өзінде №10 бекет маңында 5 км жерге 60 мың түп жыңғыл, №15 бекет маңындағы 1,5 км жерге 10 мың ақ тікен, Жетібай стансасы маңындағы 6 км жерге 25 мың жыңғыл отырғызылды. 14-15 бекеттердің аралығы 3 км жерге қамыстан тоқылған қоршау орнатылды. Бірнеше бригада, бір трактор, бір су және жүк автокөлігі жұмыс істеп, нәтижесінде көшпелі құмға тоқтау салынған еді.
Түбек темір жолында Бөлекбай Зәкешұлымен бірге атқарған сол жұмыстар күні бүгінгідей көз алдымда. Сол жаңғылды жол жиегін көргенде қоғамның жұмысына жанын салатын адал азамат есіме түседі. Өмірден ерте кеткен абзал азаматты түбек теміржолшылары әрқашан қимастықпен еске алады.
Қожахмет Уәзір,
«Құрмет» орденінің иегері, Құрметті теміржолшы
Маңғыстау
Аймақтар
27.11.2024
Кырағы күзет қызметінің сарбаздары
Жүк тасымалы
27.11.2024
Транзиттік вагондар ағыны артты
Әлемде
27.11.2024
Румынияда алғашқы Coradia Stream пойызы іске қосылды
Жүк тасымалы
27.11.2024
Құрық портындағы жаңа астық терминалы экспортқа мүмкіндік ашады
Жаңалықтар
26.11.2024
Жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
ҚТЖ 2027 жылға дейін 9 терминал салады
Жаңалықтар
26.11.2024
2029 жылға дейін 5 мың км жол салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
Оқушылар мен колледж студенттері теміржолшы мамандығымен етене танысты
Жаңалықтар
26.11.2024
Биыл отандық өндірушілермен 1 637 келісімшарт жасалды
Жүк тасымалы
26.11.2024
Достық станциясынан ҚХР-ға тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Жолаушылар тасымалы
26.11.2024
Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері
Жаңалықтар
26.11.2024
Ыстамбұлда ТХКБ дамуы талқыланды
Инфрақұрылым
26.11.2024
Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің инфрақұрылымын дамыту жалғасуда
Аймақтар
26.11.2024
Күзет мамандары үш тілді қатар меңгеруде
Аймақтар
26.11.2024
Станция басшылары біліктілігін арттырды
Станция тынысы
26.11.2024
Аймақтың бағын ашқан алып құрылыс
Инфрақұрылым
26.11.2024
Жолдарды жаңғырту – жауапты мәселе
Жаңалықтар / Мұрағат
26.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №100 26 қараша 2024 жыл
Жаңалықтар
25.11.2024
ҚТЖ Хорватия серіктестерімен байланысты нығайтады
Жаңалықтар
25.11.2024
Белгісіз біреулер Көкпекті – Нұра аралығындағы жолдан бекітпе болттарды ұрлап кеткен