Жетістікке жетелеген жемісті жыл

Жаңалықтар
26.12.2019, 18:30
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Бүгінде еліміздегі үлкенді-кішілі компаниялар мен өндірістік кәсіпорындар жылжабар қорытындысын жасап, алдағы жыл еншісіндегі жоспарларын пысықтауда. Соның бірі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшін 2019 жыл – талай жетістікке жол салған жемісті жыл болғанына көз жеткізуге болады.

Еліміздегі жүк тасымалы көлемінің негізгі бөлігі ҚТЖ еншісінде. Компания тасымалды сапалы және уақытылы қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті жасап бағуда. Ұзатылғалы отырған жылдың он бір айдағы жұмыс қорытындысына көз салсақ, жыл басынан бері 258,6 млн тоннадан астам жүк тасымалданса, соның транзиттік бағыттағы контейнерлік жүк көлемі 590 мың ЖФЭ-ні құраған. Яғни, 2018 жылдың есепті мерзіміне қарағанда 26% артық. Ал жалпы транзиттік тасымал көлеміне келсек, оның көрсеткіші 15,5 млн тоннаны құрайды.

Бүгінде компания барлық транзиттік бағыттар бойынша көлемді өсіруге мүдделілік танытуда. Дәстүрлі Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа бағыттарынан бөлек, перспективалы трансқазақстандық бағдар болып Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары қалып отыр. Бұл бағдар арқылы он ай ішінде 6,2 мың ЖФЭ контейнер тасымалданып, өсім 89% құраған. Сондай-ақ, биылдың басты жетістігінің бірі Сиань – Анкара – Прага бағытындағы пойыздың өтуі дер едік. Бұл өз кезегінде ТХКБ-ның логистика нарығында сұранысқа ие екенін және еуропалық бағыттар бойынша аталған дәліздің даму перспективасынан үмітті екенін айқындай түседі. Осы арада атап өтерлігі, 8500 км қашықтықты пойыз 20 күнде жүріп өтіп, жол үстінде он елді біріктірді. Қазақстан аумағында пойыз 72 сағат жүрді. Тарихи оқиға ретінде, контейнерлік пойыздың бірінші рет Босфор бұғазы астындағы «Мармарай» су асты теміржол тоннелін кесіп өтуін атауға болады.

Жолаушылар тасымалы саласында да вагондар паркін жаңарту, сервис сапасын арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, қарашада пойыздардағы төсек-орын жабдықтары жаңа халықаралық стандарттарға сай толық жаңартылған болатын. Ал 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген «Мобиус» жүйесі билеттерді алыпсатарлыққа тосқауыл қойды. Ал «Күту парағы» енгізілуімен жолаушы автоматты түрде түзілетін электрондық кезек арқылы билет сатып ала алатын болды. Бүгінде бұл қызмет түрін 85 мыңнан астам адам пайдаланыпты. Осы жылы 63 жаңа плацкарт вагон сатып алынса, мемлекеттің қолдауымен алдағы жылы 146 вагонды сатып алу жоспарланған.

Теміржол инфрақұрылымын жаңарту бойынша да жобалар табысты іске асуда. Айталық, республикалық бюджет есебінен «Достық – Ақтоғай – Мойынты» телімін жаңғырту, ал жекеменшік инвестициялар есебінен «Тобыл – Никельтау» және «Мойынты – Ақтоғай» телімдерін электрлендіру көзделген.

Биылғы жылдың тағы бір жемісі ретінде, тамыз айында «Цифрлы трансформация» бағдарламасының іске қосылғанын және сандық технологияларды сатып алу, HR және қаржы секторына ғана емес, өндірістік блокқа да енгізу жоспарланып отырғанын атар едік.

Келесі жылы Ақтөбе қаласындағы «Пойыз қозғалысын басқару орталығы» жобасын пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр. Бұл – уақыт талабы. Жобаның мақсаты – пойыз қозғалысы мен инфрақұрылым қозғалысын диспетчерлік басқаруды орталықтандыру болмақ. Ал бүгінде сәтті жүзеге асқан жобаның бірінен саналатын АСУ ДКР жүйесі – құжаттарды ресімдеудің қағазсыз технологиясына көшуге мүмкіндік беріп, клиенттермен жұмысты айтарлықтай жеңілдетті. Міне, бұл ұлттық компания қол жеткізген жетістіктердің бір парасы осы, олардың қатары алдағы уақытта толыға түсері анық.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті