2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 69 мың жолаушы bilet.railways.kz. сайтындағы "Күту парағы" сервисі арқасында теміржол билеттерін сатып алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
"Күту парағы" қызметі жолаушыға еркін сатылымда билет болмаған кезде пойыз жөнелтілгенге дейін 7 күннен ерте емес және 2 сағаттан кешіктірмей кезекке тұруға мүмкіндік береді.
Бос орындар пайда болған кезде жолаушы жеке кабинетте орындарды сатып алу қажеттілігі туралы ақпаратты, сондай-ақ SMS хабарлама арқылы ақпарат алады.
Бұл қызмет bilet.railways.kz сайтында жұмыс істейді, сондай-ақ оны тегін негізде билет кассасында пайдалануға болады.