Елордадан Бурабай курортына электр пойызбен 2,5 сағатта жетуге болады

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Ұлттық тасымалдаушы «Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жүретін электр пойызының жол жүру уақытын қысқартты. Енді елордадан бұл көрікті мекенге бұрынғы 4 сағаттың орнына небәрі 2,5 сағатта жетуге болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ол үшін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» электр пойызының маршруты Бурабай курортына дейін ұзартылды. Қарағандыдан Астанаға дейін бұл пойыз №7553/7556 нөмірімен жүреді, ал Астанадан Бурабай курортына дейін №6811/6812 нөмірімен жалғасады.

14 маусымнан бастап осы электр пойызының жүру жиілігі аптасына екі реттен бес ретке дейін ұлғайтылады. Енді «Қарағанды-Астана-Бурабай» электр пойызы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

Бұдан бөлек, №7507/7508 «Астана-Көкшетау» электр пойызының маршруты Саумалкөл станциясына дейін ұзартылады. Енді бұл пойыз аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді. Сондай-ақ, Бурабай бағытында күнделікті №6829/6830 «Астана-Көкшетау» электр пойызы қатынайды.

Жолаушыларға қолжетімді болу үшін электр пойыздарының билет құны 2 271 теңгеден 2 943 теңге аралығын құрайды. Қосымша электр пойыздарының билеттері 11 маусымнан бастап bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді.

Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бурабай және Имантау-Шалқар курорттық аймақтарына шамамен 125 мың жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды.

Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда