Жазғы тасымалдау кезеңіне жолаушылар вагондарын дайындау жүргізілуде

Жолаушылар тасымалы
14.04.2025, 09:35
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық парктерінде жолаушылар вагондарын жазғы тасымал маусымына дайындау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Бұл шаралар жолаушылардың сапарын барынша жайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Регламентке сәйкес вагонның астындағы жабдықтар мен дөңгелектерді жоспарлы тексеру, вагондардың сыртын жуу және жүріс бөліктерін тазалау, тамбурлар мен тұтқаларды ішінара сырлау жүргізіледі. Одан бөлек терезелер толық тазаланып, ондағы резеңке таспалар мен тығыздағыштар ауыстырылады. Тексеру жұмыстары барысында барлық ақаулар жойылады.  

Пойызды жолға шығару алдында барлық вагондардың еденнің, төбенің, үстелдердің үсті, дивандардың және терезелердің беттері санитарлық және дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Дезинфекция санитарлық ережелерге сәйкес себу, тозаңдандыру және препараттармен сүрту әдісімен жүзеге асырылады.  

Пойыз бригадасының қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілген. Сапар алдында қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтеді.  

Өндірістік персонал үшін тұрақты негізде қауіпсіздік шараларын сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша нұсқамалар жүргізіледі.

Қазіргі таңда елімізде жолаушылар пойыздары 130 бағыт бойынша жүреді. Соның ішінде 99 бағытты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қамтамасыз етсе, қалған 31 бағытта 14 жеке тасымалдаушы компания қызмет көрсетеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркі 2 168 бірліктен тұрады. Оның құрамына мыналар кіреді:

• стандартты вагондар – 1 322 бірлік (61%),

•«Тальго» үлгісіндегі вагондар – 732 бірлік (34%),

• моторлы вагондар (МВПС) – 114 бірлік (5%).

Вагондардың орташа пайдалану мерзімі – 16 жыл.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті