Теміржолда 25 бас ұсақ мал шығын болды

Қауіпсіздік
23.06.2023, 10:57
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Сарысай-Хромтау» станциялары аралығында жол бойында жайылып жүрген ұсақ малды байқаған жүк пойызының машинисі дереу шұғыл тежегіш қолданды.

Бірақ амал қанша, оңайшылықпен тоқтай қоймайтын ұзын құрам 25 бас қой-ешкіні қағып-басып өте шықты... Жылжымалы құрамның астына түскен 20 бас ұсақ мал арам өліп, тірі қалған 5 басты иесі жол бойында сойып алған. Оқиға пойыздар кестесіне кедергі келтірмеген.  

Қандыағаш станциясының желілік полиция бөлімінің мәліметінше, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес малын қараусыз қалдырған Сарысай ауылының 64 жастағы тұрғынына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Ақ-адал малынан бір айрылып, айыппұл төлеп екі шығынға батқан тұрғынға обал-ақ. Бірақ, шығасыға иесі басшы деген осы.  

Темір жол бойында төрт түлік мал мен бөгде адамдардың көп жүруі қозғалысқа қауіп төндіріп, жүк және жолаушылар пойызына кедергі келтіруі азаяр емес.  

Қандыағаш станциясы қызметкерлерінің айтуынша, мал басу оқиғаларының алдын алу үшін шаруашылық иелерімен жиі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ немқұрайлық пен бейқамдықтың кесірінен өзіне де, өзгеге де залал келтірушілер аз емес.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды