Маңғыстау теміржол бөлімшесіне қарасты нысандар мен арнайы жылжымалы құрамаларға жүргізілген күзгі өрт-техникалық тексеріс өз мәресіне жетті.
Сала мамандары мыңға жуық нысанды аралап, өрт қауіпсіздігі жағдайын тексерген.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстаудағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Қайырхан Таласовтың айтуынша, Маңғыстау бөлімшесінде күзгі өрт-техникалық тексерісі барысында жалпы саны 945 нысанның өрт қауіпсіздігі жағдайы тексеріліп, 216 бұзушылық анықталған.
Сала мамандары теміржол көлігіндегі өрт жағдайларының алдын алу мақсатында 154 жылжымалы құрамды тексерген. Оның 90-ы жолаушылар вагоны мен 4 локомотив, 8 жүк вагоны, 43 арнайы жылжымалы құрам, 9 қызметтік-техникалық вагон.
Сонымен қатар екі телімнің теміржол жиегін, 125 автотехниканы, 6 құрылыс ғимараты мен 71 реле шкафтарын, 21 парк станциясы мен мекеме аумақтарын да өрт қауіпсіздігі бойынша қараған.