Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер

Темір жол тарихы
26.06.2026, 12:02
Меруерт Өмірзақова

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі. Жалпақ тілмен айтсақ, Журналистер күні. Қалам ұстаған қауым елеп-ескерілетін осы күні 95 жылдық тарихы бар «Қазақстан теміржолшысы» газетінде ұзақ жыл меншікті тілші болған шымкенттік журналист Бекзаттар Дінәсіловті шын жүректен құттықтап, әріптес жайлы аз-кем сыр бөліспекпіз.

Өткен ғасырдың 60 жылдары соңында екінің бірінің қолы жете бермейтін атақты КазГу-дың журналистика факультетін бітірген Бекзаттар ағамыз сол кездегі үрдіс бойынша жолдамамен жаңадан ашылған Маңғышлақ облысына аттанады. Бірнеше жыл түбекте облыстық газеттің тілшісі болып қызмет атқарған жалындаған жас журналист мұнайлы өңірден өмірлік жарын да жолықтырады. Ұзын бойлы, келбеті келіскен сымбатты жігітке көздері толып, көңілдері тоғайған қайын жұрт күйеу жігітке қыздарын жетектетіп жібереді...

Туып-өскен оңтүстікке оралған соң Шымкент облысын аралап жүріп аудандық, облыстық газеттерде ұзақ жыл жемісті қызмет етеді. Мырзашөл, Жетісай, Арыс, Шардара өңірлерін кезіп жүріп, елді елең еткізер оқиғаларға алдымен қалам тербеген облыстағы таңдаулы және танымал журналистердің біріне айналады. Кеңседе жұмсақ креслода отырып жан тыныштығын іздемеді, түзде жүріп, отқа да түсті, суға да батты.  

1997 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК құрылуымен бұрынғы үш жолдық газеттердің базасында Алматыда «Қазақстан теміржолшысы» республикалық газет жарыққа шыққанда Шымкенттен меншікті тілші болып қызметке кіріседі. Қоғамдық, бұқаралық, саяси басылымдарда жұмыс істеп төселген журналист алғаш ұсыныс түскенде абдырап қалғанын да жасырмайды. Теміржолдың отаны саналатын Арыста да туған жоқ, салалық газет тақырыбы қалай болар екен, иегере алам ба, ішкі кухнясына кіре алам ба деп уайымдаған. Алғашқы жылдары көңілсіз де көрінген, тек теміржол тақырыбы, таусылмайтын техникалық терминдар жалықтырып, облыстық газетке қайта оралғысы да келген.  

Бірақ жылдар өте теміржолға «бауыр басқаны» соншалық, салалық газетке «тастай батып, судай сіңді» деуге болады. Бір кездері қызықсыз көрінген тақырыптар, қазақ даласына қос ішектей тартылған тарам-тарам темір табан жолдар мен онымен сырғыған сан сериялы локомотивтер мен вагондар (олардың неше топқа бөлінетінін де енді білді), жолаушының өз үй өлең төсегіне айналған вокзалдар өмірі, бәрінен бұрын кесек мінезді, үлкен жүректі теміржолшы деген мәрт халық оны өз тұңғиығына иірімдей тартып, қайта шығармады. Теміржолдың тармақталған торабына шырмалып кете барды...  

Жыл артынан жыл өтті. Теміржолшылардың сенімі мен құрметіне бөленген меншікті тілші осы жылдар ішінде теміржолды шарлап жүріп тынымсыз еңбек етті, қиырдағы кішкентай станция мен разъезге дейін ат басын бұрып, тыныс-тіршілігін қаламына арқау етті, теміржолшылардың жырын жырлап, мұңын мұңдады.  

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі Бекзаттар Дінәсілов аттай 17 жыл еңбек етіп, 2014 жылы зейнетке шықты. Алматыдан Арқаға қоныс аударған ҚТЖ құрамында Астанаға орныққан газеттің үлкен ұжымы шымкенттік ардагер тілшіні арнайы алдырып, елордада салтанатты жағдайда зейнет демалысына шығарып салды.  

Бүгінгі кәсіби мереке күні «Қазақстан теміржолшысы» газетінің ұжымы зейнеттегі әріптестері, жетпістің жетеуіне келген қарт журналисті құттықтап, шырайлы Шымқалаға жүрекжарды ыстық ықыластары мен ақ тілектерін жолдайды. Сізге мықты денсаулық, баянды да бақуат ғұмыр тілейміз, ұл-қыз, немере-шөберелер қамқорлығында болыңыз, құрметті Бекзаттар аға!  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді