Майталман теміржолшы Әнуарбек Ыбыраевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Темір жол тарихы
31.03.2026, 08:34
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

 

 

Бәйгеқұм станциясын жиырма жыл басқарған еңбек және тыл ардагері, майталман теміржолшы Әнуарбек Ыбыраевтың құрметіне станция ғимараты қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына жиналғандар сұрапыл соғыс жылдары еңбек жолын бастаған майталман теміржолшы жайлы естеліктерімен бөлісті. Бұл станция ғимаратына аймақ бойынша орнатылып тұрған алғашқы мемориалдық тақта екен.  

– Әнуарбек ақсақалмен бірге жұмыс істеу біздер үшін мақтаныш. Қарап отырсам, ол кісімен бірге жұмыс істегендердің өзі саусақпен санарлық қалыппыз. Ол кезеңде темір жолдағы негізгі жұмыс жалаң қолмен атқарылатын, қарапайым бағыттамалық бұрманың өзін ауыстырып тұратын арнайы жұмысшы болды. Оның барлығы қазір автоматтандырылып, бір нүктені басу арқылы орындалып жатыр. Әнуарбек ағаның ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары еді, халықпен сөйлесе білуі, ситуациялы жағдайларда оңтайлы шешім тауып, тараптарды келісімге келтіре білетін қасиеті ерекше болды. Тарлан теміржолшының 100 жылдығына орай осындай өнегелі істі қолға алған бөлімше басшылығы мен жергілікті атқарушы орган өкілдеріне, әке жолын жаңғыртып жатқан ұрпақтарына рахмет айтамын, – деді Әнуарбек қарияның шәкірті, зейнеткер Аймахан Қойшиев.  

Әнуарбек Ыбырайұлы 1926 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген.

1943 жылы еңбекке араласып, 17 жасында Шиелі станциясында жол бұрушы болып бастайды. Соғыс біткен соң білім алып, Қызылорда бөлімшесінде кезекші, пойыз диспетчері, Бәйгеқұм және Тереңөзек станцияларын басқарды. 1968-1980 жылдары Бәйгеқұм станциясын басқаруға екінші рет тағайындалып, барлығы 20 жыл өмірін осы бекеттің дамуына арнаған. 

– 1986 жылы 40 жылдан астам еңбек етіп, үлкен абыроймен зейнетке шықты. Көпжылдық еңбегі үшін «Еңбек ардагері», «Қозғалыс қызметінің үздігі», «За трудовое отличие» және басқа да марапаттарға ие болған. Әкеміз бізге ең алдымен еңбекқорлық пен адалдықты үйретті, – дейді әке жайлы толғаныс сөзінде қызы Райхан. 

Ұрпағына адал еңбек пен адамгершілікті мұрат еткен Әнуарбек Ыбырайұлының есімі сыр бойында мәңгі жасай бермек. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты