Зиянды өндірісте жұмыс істейтін қызылордалық теміржолшылар сүтпен қамтамасыз етілді

Аймақтар
23.11.2018, 13:21

Түркістан мен Жосалы учаскелері арасында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып, жолдардың техникалық талапқа сай бабын жасап отырған Қызылорда жол дистанциясында алты жүзге жуық теміржолшы еңбек етсе, олардың тең жартысын жол монтері құрайды.   

Дистанция ұжымының еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік шараларының сақталуына жауапты инженер Майра Бадрақованың айтуынша, жолшылардың еңбегі қорғауға алынған, ағымдағы жылдың өткен он айында бірде-бір өндірістік жарақат алу жағдайы тіркелмепті.

– Жыл басынан бері 17 түрлі арнайы маусымдық киімдерге тапсырыс беріліп, 300 жиынтық мақта-мата костюмі, 3500 жұп қолғап берілген еді, шілде айында тағы 500 дана кеудеше-жилет, 90 дана судан қорғанатын ерлер плащы теміржолшыларға таратылды. Ал қыркүйек айында 360 жұп жылы қолғап, 80 жұп керзі етік, 80 жұп былғары бәтеңке берілді, қазан айында 200 жұп березент қолғап та жолшыларға берілу үшін қоймаға жеткізілді. Осылайша дистанцияның теміржолшылары биылғы жылға қажетті киім-кешекпен 90 пайыз қамтамасыз етілді деп айта аламыз, ал қалған тапсырыстар осы айдың соңына дейін жеткізіледі деп күтілуде, – дейді дистанцияның еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Майра Бадрақова.

Жол дистанциясының жолшыларына арналған қызметтік ғимараттарда 399 киім шешетін гардероб, жуынып-шайынатын 26 душ, 46 қолжуғыш, 42 киім кептіретін бөлме және 19 жылынатын орын қарастырылған. Аталған орындардың тазалығы, жалпы тұрмысқа қолданылуы санитарлық талаптарға сай деп бағаланған.

Биылғы жылдың он айында дистанция телімдерінде бөгде адамдарды пойыз басып кеткен 3 қайғылы жағдай орын алған, бұл жағдайлардың ешбірінің өндірістік жұмысқа қатысы жоқ деп бағаланған. Дегенмен дистанция ұжымы теміржол маңындағы жергілікті тұрғындармен, оқушылармен теміржолдың адам өміріне қауіпті аймақ екенін түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Мәселен, он ай ішінде дистанция теміржолшылары 203 рет 12882 тұрғынның қатысуымен жиналыс өткізсе, 89 оқу орнында 12562 оқушыға теміржолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру жұмыстарын өткізген. ЖІІб өкілдері мен ӘТЖ күзет сарбаздарымен бірігіп 114 рет рейд өткізген. Телім бойындағы 16 ескерту белгілерін жаңартып, жаңадан 60 ескерту белгісін орнатып, теміржолдан тек арнайы белгіленген орындардан өту керектігі жайлы түсіндіру парақшасының 350 данасы таратылған.

– Үстіміздегі жылдың соңғы екі айында өндірістік 8 жұмыс орны белгіленген мамандардың жұмыс тобымен аттестациядан өткізіледі. Аттестация кезінде кемшілік анықталса, оны жоюға уақыт белгіленіп қайта тексеру өткізіледі. Дистанция жолшыларын қажетті сүтпен қамтамасыз ету үшін өңірдегі «Азия снаб спец» серіктестігімен келісім-шарт жасалды. Олар жыл басынан бері берілуі тиіс 3004 литр сүт қорының қалған 1004 литрін қараша айында әкеліп тапсырады. Жолшыларға тиесілі сүт тапсырысты орындаушыға ұсынылған кесте бойынша жеткізіліп, теміржолшыларға дер кезінде үлестіріліп беріледі, – дейді Майра Бадрақова.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда


Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты