Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді

Қауіпсіздік
18.07.2024, 13:03
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында жолаушылар пойызындағы өрт сөндірілді. Иіс тиген жолаушыға көмек көрсетілді. Осылайша, теміржолшылар өртке қарсы оқу-жаттығуды сценарий бойынша мүлтіксіз орындап шықты.  

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Nº39 өрт сөндіру пойызы станцияда оқу-жаттығу шарасын өткізді. Оған жол дистанциясы, ТЖД қызметкерлері қатысты. Сценарий бойынша жүріп келе жатқан жолаушылар пойызында тіркелген өртті сөндіру керек.

«Жанып келген жолаушылар пойызын сөндіру бойынша жұмыс жүргізіліп, шынайы оқиға болған жағдайда әрекет ету тәжірибесі пысықталды. Оқиға кезінде міндеттерді бөлу тиянақталды», – деді қарауыл бөлімшесінің бастығы Жаңбырбай Әбдіғазиев.  

Қарауыл бастығының айтуынша, алдын алу жұмыстары тұрақты өтеді. Бұл өте қажет әрі маңызды. Сценарий бойынша жанып жатқан вагон ішінде бір жолаушы иіс тиіп, зардап шекті. Өрт сөндірушілер мен ТЖД қызметкерлері алдымен  жолаушыны шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті, кейін медициналық қызметкерлер қолына тапсырды. Әрі қарай өрт сөндіру пойызы іске қосылды. Көбік беру  арқылы өрт сөндіріліп,  су шашып, вагонды салқындату жұмысы жасалды.  

Биыл жаз ыстық болуына байланысты өрт қаупі де жоғары. Сондықтан  өрт сөндірушілер де сақадай сай отыр. Ақтөбе аймағында 5 өрт сөндіру пойызы бар. Олардың әрқайсысында 16-17 өрт сөндірушіден бар. Сонымен қатар Тассай станциясында бір өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр.  

 

Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті