Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті

Спорт
22.07.2024, 11:42
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелер арасында шағын футболдан спартакиада ұйымдастырылды.

Тараз қаласында өткен жарыста айналмалы жүйе бойынша үздік командалар анықталды. Әсіресе финалдық кездесу тартысқа толы болды. Финалдық ойынға дейін шабылдаушы позициясын ұстанған ВЧД-27 Сарышаған вагон пайдалану депосының қызметкерлері ТЧЭ-30 Шу локомотив пайдалану депосының футболшыларына қарсы матчта қорғаныс тактикасына көшті.

«ТЧЭ-30» командасының финалдық ойында қорғанысқа көшуінің өзіндік себебі бар. Себебі биыл шағын футболдан өткен жарыстарда бұл команда  шеберліктерін бірнеше мәрте дәлелдеген. Алайда шулықтар қорғаныс шебін бұзып өтіп, қарсыластарының қақпасынан саңылау таба алды.

Осылайша спартакиаданың кубогы «ТЧЭ-30» командасына бұйырды. Финалға дейін жеткен «ВЧД-27» ойыншылары 2-орынды місе тұтты. «ТЧЭ-31» Жамбыл локомотив пайдалану депосының футболшылары үздік үштікті түйіндеді.  – Шағын футбол бұқаралық сипатқа ие екенін айту керек. Теміржолшылар да, басқа сала өкілдері де аймақта шағын футболды жақсы ойнайды, жарыстарға белсенді қатысады. Өткен айда теміржолшылардың салалық кәсіподақ ұйымы шағын футболдан ұйымдастырған тораптық жарыста да командалар арасында бәсеке жоғары болған. Сол жолы жеңіске жеткен «ТЧЭ-30» командасы бүгін де чемпиондық атақтарын қорғап қалды, кіл мықты Шуда болып тұр, – дейді Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Серік Наурызбаев.

 

Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті